» » Жыл – жемісті, еңбек – еселі

Жыл – жемісті, еңбек – еселі

Былтыр ауданда атқарылған жұмыстардың легі көп. Елді әбіржіткен пандемия экономиканың өсіміне кедергі келтіргенімен, қойылған мақсат орындалды. Мәселен, аудандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд 897,0 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,4 есеге артқан. Ал есепті кезеңде 23940 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, өткен жылмен салыстырғанда 121,9 процентті құрады. Жалпы газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарту желілерінің құрылысын толық аяқтау мақсатында республикалық және облыстық бюджеттерден 2 млрд 343 млн теңге қаржы бөлінді. Осы жоба аясында 160,0 шақырым газ құбыры жүргізіліп, 6 дана ГРП орнатылу қажет. Бүгінде 159,5 шақырым газ құбыры жүргізіліп, 6 дана ГРП толығымен орнатылды және 2654 ШРП орнатылуы қажет болса, бүгінгі күнге 2596 ШРП (шкафты тарату пункт) орнатылды. Кентегі бірқатар электр желілерінің 80 процентінің тозығы жеткен еді. Осы ретте 1956 жылдан бері жөндеу көрмеген электр станциясының олқылықтарын жою жұмысы жүргізіліп, қайта жаңғыртудан өткізілуде. Ал «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында аудан бойынша 40 жоба 3,0 млрд теңгеге іске асырылуда. Осы жобалар аясында жалпы аудан бойынша 804 жаңа жұмыс орны ашылуы жоспарланып, оның ішінде тіркеуде тұрған 409 адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек еселі, көш көшелі
Қармақшы – аграрлы өлке. Әсілінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып, өріс кеңейді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі осы жылдың 1 желтоқсанына 14644,9 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,2 процентті құрады. Мал шаруашылығында өткен жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда мүйізді ірі қара басы 4,8 процентке, қой басы 3,4 процентке, жылқы басы 2,9 процентке, түйе басы 3,9 процентке, құстар 4,8 процентке өссе, ешкі басы 1,6 процентке төмендеді. Есепті кезеңде 3585,1 тонна ет, 5617,7 тонна сүт, 760,0 мың дана жұмыртқа өнімдері өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 102,8 процент, сүт өнімі 101,6 процент, жұмыртқа 105,6 процентті құрады. Сондай-ақ былтыр 22 912 гектар жерге егіс орналастырылса, оның ішінде 13 496 гектарына күріш дақылы себілді. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 835,8 гектарға, ал күріш көлемі 1137 гектарға кем егілгенімен, бүгінгі күнге күріш дақылының әр гектарынан 67,8 центнерден алынып, 90,0 мың тонна өнім жиналды.

Кәсіп көкжиегі кеңеюде
Мемлекет тырбанып тірлік етемін дегенге мол мүмкіндік беруде. Биыл ауданда елдегі пандемия жағдайына қарамастан кәсіпке бет бұрғандар да аз емес. Айталық, кәсіпкерлік сала бойынша жыл басынан бері 514 жоба – 2259,39 несиелендірілді.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жыл басынан аудан бойынша 42 өндірістік шағын жоба іске асырылды. Оның ішінде: 3 пластик шығару цехы, 9 тігін цехы, 2 жем шығару, 3 жиһаз шығару цехы, 6 шағын наубайхана, 3 тұшпара шығару, 3 кондитерлік цехы, 4 құс шаруашылығы (жұмыртқа өндірісі), 1 биогумус, 2 дәнекерлеу, 1 шеге шығару, 1 макарон шығару, 2 темір тор сеткалар шығару, 1 токарлық цех, 1 ағаш өңдеу, цехы.
Аталған бағдарламаның игілігін көргендердің бірі – III Интернационал ауылының тұрғыны Гүлнар Қоспанова. Ол биыл шағын қаймақ цехын ашты. Цехта сеператормен сүттен айран, қаймақ, балқаймақ, дәмді ірімшік, ащы ірімшік, құрт өнімдерін шығаруда. Кәсібін дөңгелетіп отырған жанның тағы бірі – Ақтөбе ауылының тұрғыны Айзат Шамшатова. Ол бүгінде нан өнімдерін шығаруда. Кәсіпкер өз кәсібінің көкжиегін кеңейте түскен. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржыны тиімді пайдалана отырып, мол табысқа қол жеткізбек ниетте. Өндіріс орнында өндірілетін өнім түрлері де көбейген. Қазір бұл цехтың өніміне сұраныс жоғары. Себебі жаңа жыл қарсаңында жұмыс қарқынын үдетіп, өз өнімдерін ауылдағы барлық азық-түлік дүкенін қамтуға қол жеткізді. Сондай-ақ цехтың тәтті тағамдары, көрші ауылдық округтерге, аудан орталығына да жеткізілуде.


Антына адал болғандар
Денсаулық – байлық негізі. Ал адам денсаулығы – қоғам байлығы. Мұны биылғы жыл бізге тағы да дәлелдеп берді. Ауру дендеп, жан алқымнан алған тұста адам жанының арашасы саналатын дәрігердің алдында бәріміз бас идік емес пе?! Дәрігерлер де аянып қалмады. Талайы адал антын сақтап, адам жанына жәрдемші боламын деп жантәсілім еткендері де бар.
Жыл бойында аудан әкімдігімен құрылған жұмысшы топ тарапынан коронавирус инфекциясы анықталған және олармен қарым-қатынаста болғандарға медициналық көмек көрсету, дезинфекциялық шаралар жүргізу, тұрғындармен карантин режимін сақталуын қамтамасыз етуге мүдделі органдармен бірлесе нұсқаулықтарға сәйкес дер кезінде тиісті іс-шаралар қабылданды.
Иә, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жағдайлар жасалып, Ақай ауылдық округі мен аудан орталығындағы ауруханалардың 554 қызметкеріне 189,8 млн теңге үстемақы есептелініп, берілді. Сонымен қатар екінші толқынға қатысты 10 дәрігер жаңа Covid-19 инфекциясының эпидемиологиясы және профилактикасы бағытында білім жетілдіру курстарынан өтті. Түрлі заман талабына сай медицинаға қажетті құрылғылар мен техникалар әкелінді.
Сонымен бірге биыл ауданда алғаш рет эндоскопиялық хирургиялық операция жасалды.

Жастар жарады
Қоғамның незігі күші – жастар. Ал биыл олар қандай істер атқарды? Осы сұраққа жауап беріп көрелік.
Биыл алғаш рет аудандағы түрлі саладағы жастар бірлесіп «Демеу» еріктілер тобын ашты. Бүгінде олар әр сала бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Еріктілер жылында жастар азаматтық белсенділік танытып, ауданымыздың қоғамдық-саяси маңызды шараларына өздерінің үлестерін қосуда. Еріктіл жастар «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен бірлесіп ауданымызда «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыға қайырымдылық шараларын өткізді. «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында 1757 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына азық-түлікпен көмек көрсетіп, 100 дана антисептик, 500 дана хлорамин және 12820 дана бет перде таратылды. Азық-түлікке 16,1 млн теңге қаржы көлемінде көмек көрсетілді. Сонымен қатар, жастарды жан-жақты қолдау мақсатында аудан бойынша 18 «Coworking» орталығы ашылып, жұмыс жасауда. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының жанынан өскелең ұрпақты азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында аудан бойынша мектептерде 8 музей ашылды.
Еріктілер жылы қарсаңында Сыр елінің 3 волонтері «Жыл волонтері» аталымын алса, оның екеуі қармақшылықтар. Бірі – медицина саласының маманы Әсем Мерекова болса, екіншісі – аудандық жыраулар үйінің маманы Айдынбек Скендіров.


Спорт – адам денсаулығының кепілі

Дұрыс өмір салтын ұстанудағы адамға бірінші қажеттінің бірі – спорт. Онымен дос болған жанның қандай жағдайда да ұтылмасы анық. Өңірде спортпен тұрақты шұғылданушылардың саны – 16217 адам. Балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерінде және спорт клубқа барлығы 2209 жас пен жасөспірім қамтылған. Тұрғындар ерікті түрді 11 олимпиадалық, 7 олимпиадалық емес спорт түрімен айналысады. Жыл көлемінде ауданда 50 спорттық шара өткізіліп, оған 3599 спортшы қатысқан. Карантиндік талаптарды сақтай отырып облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен таэквондодан А.Әділбекқызы І орынды иеленсе, гір тасын көтеруден Е.Пазылиев және кермеде тартылудан Б.Райсов жүлделі орындарды иеленді, онлайн дауыс беру арқылы қазақ күресінен Қазақстан чемпионатында Мақсат Исағабылов І орын иеленді. 6 спортшы «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағын иеленсе, спорт шеберлігіне үміткер нормативін 28 спортшы орындады. Жыл басында ұйымдастырылған ҚР біріншіліктері мен чемпионаттарында аудан спортшылары 4 – алтын, 3 – күміс, 3 – қола медальды жеңіп алды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2 төрешіге «спорт төрешісі» санаты және 14 жаттықтырушыға «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы» санаты берілді.


Білім саласының тәсілі өзгергенмен, жемісі мол

Елді әбігерге салған пандемияның әсерінен биыл білім берудің тәсілі өзгерді. Қашықтан оқыту қиын жағдайдан шығар жолдың бірі болғаны анық. Онлайн оқу платформасын жолға қойып, оқушыларға сапалы білім беруді, сонымен қатар, жалпы орта білім беретін мектептердің мектепалды даярлық, 1-4 сынып оқушыларына санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, штаттық оқыту форматын жүзеге асыруда. Ауданда 32 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Биыл онда қашықтан – 12798, дәстүрлі – 1300, 1-5 сыныптарда кезекші топта дәстүрлі – 906 оқушы білім алуда. Республика бюджетінен қашықтан оқытуға отбасының әлеуметтік жағдайына сәйкес 1790 ноутбук, 462 компьютер, 599 планшет, демеушілікпен де 78 планшет, 300 SIM карта таратылды. Облыстық кәсіподақ комитеті мектеп мұғалімдерінің әлеуметтік жағдайларына сәйкес 32 ноутбукты сабақта қолдану үшін берді. Аудан бюджетінен 23 физика, химия, биология кабинеттері жабдықталды. Өткен оқу жылында аудан бойынша мектеп бітіруші 563 түлектің 503-і (89,3 процент) Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысты. Тесттің қорытындысы бойынша жалпы орташа балл 76,4 процентті құрады. Жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ сынағын тапсырған бітірушіден 352 бітіруші ЖОО-ның мемлекеттік грант иегері атанса, 107-і ЖОО-на ақылы негізде қабылданды. Облыстық пәндік олимпиадаға 31 оқушы қатысып, 16 оқушы жүлделі орыннан көрінді. Нәтижесінде, 8 оқушы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне жолдама алды. Мұнан бөлек, білім нәрін себуші ұстаздар да жоғары жетістікке жетіп, аудан мерейін асқақтатуда.



Мәдениет мәйегі

Мәдениет саласының майталмандары үшін биыл оңай жыл болмады. Талапқа орай тек әлеуметтік желі арқылы өз өнерін көрсетіп, көптің көңілін көтерді. Биыл атаулы мерекелік шараларға байланысты ауданда онлайн форматында ән байқауы мен көркемсөз оқу шеберлерінің байқаулары, жазба ақындар мүшәйралары ұйымдастырылды. Әлеуметтік желілерде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 2278 челлендж, «Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына» орай 1394 челлендж, «Алтын Орданың 750 жылдығына» орай 297 челлендж, Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» видео құттықтау 310 челлендж, «Үйде бол», «Жақыныңа жанашыр бол» індеттің алдын алу бойынша 1000 челлендж, және аудан тұрғындарын тазалыққа шақыру мақсатында «Таза Қазақстан» 34 челлендж, жалпы 4000-нан астам әлеуметтік желілерде челлендждер жарияланды.
Аудандық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында биыл 1203 мәдени іс-шара өткізілсе, оның ішінде онлайн форматта өткізілген мәдени іс-шара саны – 1062, офлайн – 141. Аудан өнерпаздары республикалық, облыстық шараларда топ жарып, ел мақтанышына айналуда.


Материалды дайындаған: тілшілер тобы
31 желтоқсан 2020 ж. 567 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 405

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930