» » Аудан әкімінің жаңа жыл мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімінің жаңа жыл мерекесімен құттықтауы

Құрметті Қармақшы ауданының тұрғындары!
Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір жылды шығарып салар тұста өткенді ой елегінен өткізіп, жарқын жаңалықтарды, ерекше оқиғаларды еске аламыз, жылды қорытындылап, жаңа жоспарлар жайлы ойланамыз, алдымызға үлкен мақсаттар қоямыз.
Өздеріңіз білетіндей, үстіміздегі жыл коронавирус пандемиясының таралуына байланысты айрықша кезең болды, ол бүкіләлемдік қауымдастықта үлкен дағдарыс тудырды және барлық дерлік салада адамдар мен қоғамның үйреншікті өмір салтын бұзды.
Осы індеттің алдын алу мен оған қарсы күрес бағытында біздің жерлестеріміз де айтарлықтай үлес қосты. Бизнес субьектілері өздері қиындықтарға тап болса да, тұрғындарға белсенді көмек көрсетті.
Осы ретте пандемия уақытында ынтымақ пен бірлігімізді сақтап, қолдау көрсеткен барлық мекеме басшыларына, дербес бөлімдер мен кәсіпорындарға, ауданымыздағы қарапайым еңбеккерден бастап еңкейген қартқа дейін үлес қосып індетті жеңуде қызмет еткен барша жандарға, жеке кәсіпкерлер мен шаруашылықтарға, Қармақшыдан жырақта жүрсе де ел игілігі жолында жанашырлық танытқан барша азаматтарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздердің ауызбіршіліктеріңіздің арқасында коронавируспен күрестің күрделі кезеңдерін еңсеріп келеміз.
Биылғы жылдың қиыншылықтарына қарамастан ауданда көптеген жұмыстар атқарылды. Әр салада қол жеткізген жетістіктерімізді келесі жылы да жалғастыруды жоспарлап отырмыз.
Ең бастысы Тәуелсіз Қазақстанымызға келесі жылы – 30жыл толады. Халқымызда «Елу жылда ел жаңа» деген қанатты сөз бар. Осы жылдар ішінде елдің даму көшінде қармақшылықтардың да өзіндік орны бар. Аудан тұрғындарының ерен еңбектерінің нәтижесінде өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамып келеді. Әр салада жаңашыл бастама мен игілікті істер бар.
Біздіңбүгінгі мақсатымыз бен міндеттеріміз тұрғындарымыздың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеруге бағытталған. Аудан тұрғындарының игілігіне арналған әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп пайдалануға берілсе, көшелер жарықтандырылып, кәсіпкерлік бағыттағы бірқатар қызмет көрсету орындары ашылды.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халқымыз айтқандай, осы жетістіктеріміз берекелі бірлігімізбен бірлесе атқарған еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдеміз.
Ардақты ағайын!
Жаңа жылды әр адам үкілі үмітпен, ізгі ниетпен және ақ тілекпен қарсы алады. Келер жыл жағымды жаңалыққа, қуанышты сәттерге толы болсын!
Ауданымыздың тұрғындарын жаңа жылмен шын жүректен құттықтай отырып, Жаңа жыл әр отбасына амандық, баршаңызға мықты денсаулық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс, елімізге береке-бірлік тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!
Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков
31 желтоқсан 2020 ж. 3 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 137

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930