» » "Жыл үздіктері" мен "Жыл жомарттары" марапатталды

"Жыл үздіктері" мен "Жыл жомарттары" марапатталды

Қармақшы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жыл Жомарты - 2020» номинациясы бойынша пандемия кезеңінде халық саулығы үшін алдыңғы шепте жүрген белсенді азаматтар марапатталды.

Жиында сөз алған Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков - «Індеттің таралуының алдын алу мен қарсы күрес бағытында жерлестеріміз де айтарлықтай үлес қосып жұмыс жасады.

Бизнес субьектілері өздері қиындықтарға тап болса да, тұрғындарға белсенді көмек көрсетті. Осы ретте пандемия уақытында ынтымақ пен бірлігімізді сақтап, қолдау көрсеткен барлық мекеме басшыларына, дербес бөлімдер мен кәсіпорындарға, ауданымыздағы қарпайым еңбеккерден еңкейген қартқа дейін үлес қосып індетті жеңуде қызмет еткен барша жандарға, жеке кәсіпкерлер мен шаруашылықтарға, Қармақшыдан жырақта жүрсе де ел игілігі жолында жанашырлық танытқан барша азаматтарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз», - деді аудан басшысы.

Өздеріңіз білетіндей, үстіміздегі жыл короновирус пандемиясының таралуына байланысты айрықша кезең болды. Індеттің таралуы дағдарыс тудырып, адамдар мен қоғамның үйреншікті өмір салтын бұзғаны белгілі.

Бүгінгі өткен шара барысында жомарттық танытып, қайырымдылық шараларына белсенді қатысқан ел азаматтары мен шаруашылықтардың басшыларына «Жыл Жомарты-2020» номинациясы табысталды.

Ауданымызда сақтық шараларын үнемі насихаттап және індеттің ушығуына жол бермеген сала мамандары, карантин талаптарын қатаң сақтауға ерекеше үлес қосқан жеке кәсіпкерлер аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Сонымен бірге әр салада белсенділігімен ерекше көзге түсіп, қызмет атқарған сала майталмандарына «Жыл үздіктері -2020» номинациясы табысталды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

24 желтоқсан 2020 ж. 699 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 515
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 320

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930