ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР!
ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды шаттық пен қуаныш әкелетін Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір жылды шығарып салар тұста өткенді ой елегінен өткізіп, жарқын жаңалықтарды, ерекше оқиғаларды еске аламыз, жылды қорытындылап, жаңа жоспарлар жайлы ойланамыз, алдымызға үлкен мақсаттар қоямыз.
Биылғы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту болып табылады.
Тарих қойнауына енгелі отырған жыл өзінің маңызы жағынан айрықша жыл болды. Мемлекетіміздің мерейі өсіп, абыройы артты. Биылғы жылы Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығын, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойын, қасиетті Қармақшы ауданының 90 жылдығын атап өткен, ел тарихында қалатын таңбалы тарихи жыл.
Биылғы жыл біздің ауданымыз үшін де шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің, сонымен қатар, халық қалаған, ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды. Құрылыс қарқынды жүрді, көптеген нысандар бой көтеріп, әлеуметтік мәні зор жобалар іске асырылды. Аудан диқандары биылғы жылы 13850 гектар жерге егін егіп,толағай табыстарға кенеліп отыр. Аудан еңбеккерлері алтын дән тапсыру жолында аянбай еңбек етті. Жоспарланған меже алынып, ел қуанышқа бөленді.
Жаңа жылдан да жаңа табыстар мен жетістіктер күтеміз. Кәсіпкерлікті дамыту мен ауыл шаруашылығы саласында қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылатын болады.
«Мәңгілік ел» мұратын ұстанған барша қазақстандықтармен бірге, алдағы жыл біздің берекелі бірлігімізді, жарасымды татулық пен табысты еңбегімізді нықтай түсеріне сенеміз.
Баршаңызды жаңа жылмен шын жүректен құттықтай отырып, Жаңа жыл әр отбасына ырыс пен береке алып келетін жыл болсын деп тілеймін!
Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Жаңа жыл құтты болсын!
Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Ысқақұлы Мақашов