» » Сіз қандай әкесіз?

Сіз қандай әкесіз?

Оның бүгін алғаш рет жанарына жас алғанын көріп тұрмын. Әлсіздігі емес, мейірім іздеген баланың жан жарасы. Күні бүгінге дейін оған не айтса да, не істесе де күңкілдеп қана қоятын. Шамына қатты тисе үнсіз ғана құтылатын. Үнсіздігін де бәзбіреулер өз пайдасына жаратушы еді-ау.
Әңгімені әріден бастайық. Қайырбектің жасы бүгінде алпыстан алтауында. Жасы келген сайын да мазасыз боп барады. Айналасына үнемі зиянын келтіріп жүреді. Уытты тілімен шағып сөйлейтінін ешкім жарытпаушы еді. Жанына кісі жуымауының себебі, сірә осы болар. Бауырлары да хат-хабарсыз. Әйтсе де бұл жайт оның ойына мүлде кіріп шыққан емес. Баяғы жартас, сол жартас...
Манағы көзінен сырғи аққан жас осы Қайырбектің бір түйір ғана ұлы Қанаттыкі еді. Жұмыс сапарымен Алматыға кеткеніне бірнеше ғана күн болды. Ісінің оңынан біткеніне қуанып, үйге қайтуға асықты. Жайдары жүзімен үйге кіріп, ас-ауқаттан дәм татпақ болып еді.
Тамақ ішер сәтте:
– Айтқанды тыңдамайсың, үйдің тірлігін істемей қала асып жүрсің ғой, – деп әкесі дүрсе қоя берді.
– Әке, әуелі амандық-саулық сұрасып алайық та. Қалай барып келдің, шаруаларың не болды деп бірауыз жылы сөз айтып сұрауға болушы еді. Кейін де ұрысарсыз. Үнемі осы.
– Қарсы сөйлеме. Саған не жетпейді? Керек ақшаңды беріп жатқан жоқпын ба?
–Маған сізден ақша керек емес, түсінесіз бе? Сіз қандай әкесіз? Балаңызға мейірлене сөйлемейсіз. Мен кіммін? Дұшпанмын ба? Қаныңыз емеспін бе? Араққа сылқия тойып алып жан алқымнан алып тиісе бересіз келіп, тиісе бересіз...
Соңғы сөзді айтқанда дауысы дірілдеп, тамағы құрғап, жанарынан жас парлап кетті. Қанаттың бүгін іште жатқан шерінің бәрін жайып салды. Айтпасқа амалы да қалмағандай. Әкесінің ылғи да жөнсіз, орынсыз әрекетіне бұл жолы қарап тұра алмады.
Үйдегілердің берекесін кетіргелі біраз болды. Құлқынын тескен қу арақтың жетегінде кеткені, міне тура қырық бес жыл. Сол аралықта отбасына, туған-туысына көрсетпегені де қалмады-ау. Бір күн ұрыстың қырық күн қырсығы болады демей ме?! Ал бұл шаңырақтан ұрыс арылмайды. Қырсығы да шыр айналдырып барады. Бір адамның кесір мінезінен қанша адам зардап шегіп жатқан жоқ па? Барлық ауыр мінезіне үй іші көндіккелі қашааан. Жас ұлғайып ақыл тоқтатар тұста әлгіндей мазасыздығы қынжылтады-ау. Әйтсе де әрі сүйреп, бері сүйреп адам қатарына қосамыз деген үміті сөнген емес. Иә, жасы келгенде жайлы адам болу қиын. Оны ешкім үйретпейді. Өмірдің өзі үйретсе керек.
Кім біледі, қу көңіл жоқты іздейді. Әкеден мейірім көріп өспеген әлгі Қанат болашақ балаларын мейірімге, сүйіспеншілікке бөлеп өсіруге өзіне серт еткен. Жаратқаннан жүрегіне мейірім ұялатар ұрпақ беруін сұрайтын. Алақан жайып сұраған тілегінің орындалатынына да сенімді.
P.S.
Кеудеде соққан бір уыс жүректің осыншалықты ашуға, балаға деген кекке толуына не себеп болғаны бізге беймәлім. Бірақ сол жүректе титімдей ғана саңылаулы мейірімнің болмағаны жанымды өртеп барады.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
21 желтоқсан 2020 ж. 531 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031