» » Жайна СЛАМБЕК: "Мәңгілік Ел мұратына жетейік"

Жайна СЛАМБЕК: "Мәңгілік Ел мұратына жетейік"



Құрметті Қармақшы ауданының азаматтары, жерлестерім!

1991 жылы кеңестік мектепті аяқтағанмен, сол жылы университеттің бірінші курсында-ақ тәуелсіз елдің азаматы атандым. Жоғары білім алып, «үлкен жігіт» болғанша республикамыздың егемендікке қол жеткізгеніне қатты қуанамын. Бір ғана мысал: қазақша, өзінің ана тілінде сөйлеген адамға одырая қарайтын одақта менің тіршілік қылуым қиын болатын...
Отыз жылға жуық уақыт ішінде елдің басынан не өтпеді? Оның барлығын халықтың өзі жақсы біледі. Қиындықтар, тіпті күрделі проблема әлі де көп. Бірақ мемлекеттілік ұғымы біздің қабырғамызды қайыстыра алмас.
Тәуелсіздік мерекесі өткенді саралап, шүкіршілік айту ғана емес, бүгінгіні ілкімді ұйымдастыруға барынша тырысу, болашаққа «салқын ақылмен»жоспар құру деп есептеймін. Оның үстіне биыл коронавирус пандемиясы бүкіл дерттің бетін ашты, енді бәрі өз-өзінен жақсы болып кететіндей, құр қиялдап өмір сүруге болмайды...
Әрине, үміттер ешқашан үзілмейді! Үміттердің үзілмеуіне ықпалы зор – Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, әрбір отбасының өсіп-өркендеуіне тілектестігімді білдіремін! Мәңгілік Ел мұратына жетейік!
Құрметпен, журналист қыздарыңыз Жайна СЛАМБЕК
16 желтоқсан 2020 ж. 1 482 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 331
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031