» » Ет дүкені есігін ашты

Ет дүкені есігін ашты

«Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін». Бұл мақал қазіргі заманда жалқауларға қамшы болып тисе игі. Рас, тырбанып тіршілік қылып, ертеңің үшін қам-қарекет істемесең, басыңа берекелі бақ орнайды дегенге сену қиын. Бүгінде сан салалы кәсіптің бір пұшпағын ұстап, адал еңбектің нанын жеп жүрген жандар жетерлік.
Орталық алаң маңынан ет дүкенінің ашылғанына бір айға жуық уақыт болды. Достық Өтемұратов пен Қуаныш Әуезовтер өз қаражат есебінен кәсіп бастайды. «Жақсыны көрмек үшін» демекші, жаңа нысанға барып, жұмысымен таныстық. Дүкендегі мұздатқыштар ет өнімдеріне лықа толып тұр. Жаңа нысан, жаңа техника бәрі көздің жауын алады. Іші де мұнтаздай таза. Мұнда сиыр еті – 1900 теңге, жылқы еті – 2000 теңге, тартылған еттің келісі 2000 теңгеден сатылуда.
– Досым екеуміз осы істі тәуекел етіп осы шағын кәсіпті бастадық. Етті елді мекендерден әкелеміз. Еттартқыш апаратты Шымкент қаласынан алдық. Қазірде дүкенде екі тоңазытқыш, бір витриналы тоңазытқыш бар. Ашылғанымызға көп болмаса да тұтынушылар үйреніп келеді. Кейбірі алғысын да айтып жатады. Әрине, біз қуаныштымыз. Алдағы уақытта мал бордақылаумен айналыссақ деген жоспарымыз да жоқ емес, – дейді Д.Өтемұратов.
Дүкендегі өнімдердің көптігі көз қуантады, мұнда бәрі бар – жұмсақ, сүйексіз ет, жіліктер, майлы сүбе, тартылған ет. Бастысы мұның бәрі дәмді. Келушілер қатары да күн санап артып келеді. Тұрақты тұтынушылар да дән риза.
– Үлкен қалаларда етті осылай сатады. Іші де тап-таза, жинақы. Қызмет көрсету сапасы жоғары. Осы жерден келіп жиі ет алып тұрамын. Еті таза, фаршы да дәмді. Бүгін тағы фарш алуға келіп тұрмын. Жігіттерге рақмет, кәсіптерінің берекесін берсін, – дейді кент тұрғыны Жазира Қалжанова.
Ақнұр САҒЫНТАЙ

16 желтоқсан 2020 ж. 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 547

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 616

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031