» » Қызылордада аруларға арналған форум өтті

Қызылордада аруларға арналған форум өтті



Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Достық үйінде «Еңбегі жанған арулар» форумы өтті, - деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.

Форумға «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Азамат Мукеев, Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева, Аналар кеңесінің мүшесі, «Бойтұмар Ханым» қоғамдық қорының төрайымы Рахима Ахметова, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Манат Алмашева, облыстық Ассамблея жұмысын жетілдіруде елеулі үлесі бар белсенді қыз-келіншектер, әр салада еңбек етіп жүрген нәзік жандар, аудан орталықтарынан келген ақ жаулықты аналар, «Берекелі шаңырақ» отбасылық байқауының жеңімпаздары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жылулық ескен шарада «Анамның бейнесі» суреттер галереясы және бейнесі мәңгілікке жүргемізде сақталған «Қазақ аруларының» портреттері қойылды. Сондай-ақ қазақ әйелінің ұлттық әшекей бұйымдарының көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.
Форумда «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Азамат Мукеев тұтастықтың құтты шаңырағына айналған Ассамблеяның жұмысын ілгерлетуге атсалысып жүрген нәзік жандыларға ризашылығын білдіре отырып, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалін «Қазақстан» РТРК» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Айсұлу Қасымова, Қармақшы аудандық Аналар кеңесінің мүшесі Дильфура Байрактарова, «Жомарт» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Аналар кеңесінің мүшесі Майя Наримова, Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы, Журналистер мен сарапшылар клубының төрайымы Елена Рыбина және Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебінің директоры, Аналар кеңесінің мүшесі Анжела Садықбековаға табыстады.
Мұнан соң форум жылдағы дәстүрлі түрде өткізілетін «Берекелі шаңырақ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне ұласты. Жүлделі бірінші орынды Жалағаш ауданы Цой отбасы, екінші орынды Қазалы ауданы Жұмаевтар отбасы, үшінші орынды Қызылорда қаласы Есиндер отбасы иеленді. Жеңімпаздарды Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева құттықтап, облыстық Ассамблея тарапынан әзірленген диплом мен бағалы сыйлықтарын тарту етті.
Сонымен қатар «Ақ орамал» жобасының ұйымдастырушысы Рахима Ахметова қатысушыларға зор алғысын білдіріп, атқарылған ауқымды шараларға шолу жасады. Осы ретте облыс көлемінде өткізілген «Ақ орамал» жобасы туралы бейнекөрсетілім көрсетілді. Тағылымы мол шара соңында еңбегімен елді нұрландырып жүрген асыл жанды 10 анаға ерекше номинациялар берілді.


04 желтоқсан 2020 ж. 642 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031