» » Ақ пейілді аналардың жүздесуі

Ақ пейілді аналардың жүздесуі

«Бойтұмар-Ханым» қоғамдық қоры, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Ақ орамал» ақпараттық-насихаттық жобасы Қармақшы аудан III Интернационал ауылында жалғасын тапты.
«Бойтұмар-Ханым» қоғамдық қорының басшысы, облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Рахима Ахметова бастаған топ ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға ықпалын тигізіп жатқан «Достық жер» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев ашқан тігін цехымен танысты.
Мұнда қатысушылар түрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамы мен қолөнер бұйымдарынан әзірленген көрмені тамашалады.
Ақ орамалды аналардың жүздесуі аталмыш ғимараттың мәжіліс залында жалғасты. Алғы сөзінде аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева Аналар кеңесінің толымды жұмыстарына тоқталды.
Аудандық Аналар кеңесінің мүшесі, түрік этносының өкілі Дильфура Байрахтарова елді мекендердегі бейнеті мен ауыртпалығы жоғары әйел ананың статусына ерекше мән берілсе деді. Ал, жас келін Айнұр Әли ене мен келіннің арасындағы сыйластық болса, үйдің берекесі артады. Шығармашылығынды дамытуға да мүмкіндік болады деді.
Батыр ана, алтын алқа иегері Қуаныш Ахметқызы өнер саласында жүріп 7 баланы тәрбиелеуде. Жұмыс пен бала тәрбиесін қатар алып жүріп, «Қожабековтер» ансамблін құрған. Соның нәтижесінде бас жүлдені иеленіп, Турцияға саяхаттаған. Ол қай жерде жүрсем де ақ орамалды басымнан тастаған емеспін дей келе, «Домалақ ана» әнін барша аналарға арнады.
Өз кезегінде батыр ана Қ.Ахметқызы игі дәстүрмен жас келін, түрік этносының өкілі Нигара Изатованың иығына ақ орамалды жапты.
Сондай-ақ, жүздесу барысында іскер әйелдер қауымдастығының аудандық филиалына төрайым болып Ақерке Рахметова сайланды.
Тағылымы мол шараның соңы ақ орамалды аналардың әсем әнімен тәмамдалды.
Облыстық Қазақстан халқы
Ассамблеясының баспасөз қызметі
22 қазан 2020 ж. 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 062

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031