» » Әйелдер форумы өткізілді

Әйелдер форумы өткізілді


«Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытуға қосар үлесі» тақырыбында Қызылорда облысы ауыл әйелдерінің онлайн форумы өтті.
Форумды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрайымы Айсина Майра Арапқызы жүргізіп отырды.
Форумға аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы және әйелдер қауымының білім, мәдениет, денсаулық, кәсіпкерлік, БАҚ саласындағы өкілдері қатысты.
Форумда «Ауыл әйелдері кәсіпкерлігін қолдаудағы әлеуметтік жобалар», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы», «Қазақ шаңырағының ырысы атанған ауыл әйелдері» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.
Сонымен қатар, форум барысында Қармақшы ауданынан Раева Күлжауһар Төлегенқызы өзінің өмір жолы мен жеткен жетістіктері және аудандағы әйелдердің әр түрлі салалардағы атқарып жүрген жұмыстары туралы баяндады.
Осы жерде айта кетсем, Раева Күлжауһар Төлегенқызы Қазақстан Республикасы бойынша ең үздік 100 әйелдің өмір жолы мен жетістіктері баяндалатын «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» кітабына енгізілетін болды.
14 қазан 2020 ж. 1 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 739
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 183

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31