» » 10 жастағы малшы

10 жастағы малшы


Анаубір жылдары шетелдік кәсіпкер бүлдіршін талайын таңдай қақтырып еді. Небәрі үш жасында тауық асырап, кәсібін жұмыртқа сатудан бастаған Райан Росс бүгінде танымал бизнесмен. Барлық ақшасын жылжымайтын мүлікке инвестициялаған. Бүгінде оның иелігінде Онтариода орналасқан алты мекеме бар. Иә, «Ебін тапқанға еңбек көп». Ол – жас талғамайды.
Қызылтам стансасына барған жұ­мыс сапарында осындай балақаймен жолықтық. Алға қойған өзіндік мақсаты, арманы бар Нұржан Сәттар 10 жаста. Қорадағы 10 қой, 22 ешкіні өзі баптап, жем-шөбін береді. Таңертең-кешке өрісіне шығарып салып, алып қайтады. Мұны барлық бала істейді дерсіз, бәлки?! Енді мына қызықты қараңыз. 5 жасынан бастап үлкен қожалықтың иесі болуды арман еткен Нұржан мал дәрігері болуды да мақсат тұтқан.
– Неге тек қой-ешкі десеңіз, олар сондай сүйкімді келеді. Мүмкін сол сүйкімділіктен басталған шығар. Оларға қарап, баптап, санын көбейткім келеді. Сәл өскен соң ферма ашамын. Сонда қой мен ешкілердің санын көбейтемін. Егер біреуі ауырып қалса, өзім емдеп аламын. Себебі болашақта мал дәрігерін оқимын ғой. Айтпақшы, қазірдің өзінде алға үлкен мақсат қойдым. 3 жылда үйдегі қой-ешкілерімнің басын көбейтіп, өсіремін, – дейді 10 жастағы малшы.
Кішкентайынан кәсіпке деген ниеті ерте оянған Нұржан мектепте озат оқушы. Әсіресе математика пәнін сүйіп оқиды. Зерек баланың тағы бір қыры бар. Ол – жер-су аттарын жатқа айтатыны. Мал саны мен оны еніне, түсіне қарап ажырата алатыны тағы бар. Тіпті ауылдастары балық аулап келсе, оның қандай көлден қармағына түсіргенін айтып отырады екен.
– 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырмыз. Нұржан жалғыз ұлымыз. Көбіне айтқанын орындап, жүгіріп кетеміз. Бірде қалтаға ақша түскенде маған қой алып бер дегені бар. Неге, не үшін деп те сұрамадық. Себебі кішкентайынан мал өсіруге деген құлшынысын байқадық. Солай 10 тоқты алып бердік. Қазір қорадағы бір де бір малға бізді жақындатпайды. Сойдырмайды. «3 жылға дейін тиісуші болмаңдар» деп сөйлеп қояды. Санын көбейткісі келеді. Отағамыз да баланың бетін қақпай, белін бууда, – дейді Нұржанның анасы Алтын.
Әрине, жалғыз ұл дегенде барлық көзқарас соған түсіп, жаны қалаған дүниеге қол жеткізетін бала ойға оралады. Ол өзі қалайтынын, тіпті қымбат қалтафон, планшет алдыруына болар еді. Бірақ 10 жастағы талапты балақайдың қолда бар қаржыға қой алып, оны баптауы – оның болашақта мықты кәсіпкер болуының алғашқы баспалдағы іспеттес. Үлкен атасы мал шаруашылығымен айналысқанын ескерсек, ата жолын қуып, айтқан ақылды қағып алатын кішкентай баладан қалай айналмайсыз?! Талабыңа нұр жаусын дейміз, Нұржан!
Айнұр ӘЛИ
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)
10 қараша 2020 ж. 649 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031