» » Сақтық бар жерде саулық бар

Сақтық бар жерде саулық бар

Газетіміздің өткен санының бірінде ауданда вирустың белгісі бар 3 адам тіркелгені жөнінде хабарлаған едік. Науқастардың жай-күйі, аурухананың екінші толқынға дайындығын білу үшін ауданның бас санитар дәрігері Гүлнар Төлепбергенова мен аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Алтынай Жүсіповаға хабарластық.
– Күдікті деп бақылауға алып, қайта сынама тапсырғанда 3-еуінің де көрсеткіші таза болып шықты. Қазір ауданда вирус жұқтырғандар жоқ. Десе де мамыражай күй кешуге болмайды. Сақтық сақталған жерде ғана саулық бар. Мобильді топ тексеру жұмысын жүргізуді күшейтпесе, тоқтатқан жоқ. Дүкендер мен сауда орталығы, адам көп шоғырланатын орындарда арақашықтықты сақтау, бетперде кию, тамақтану орындарының белгіленген уақыттан тыс жұмыс істеуін бақылау талапқа сай жүргізіліп келеді. Дерттің таралуы бойынша кейбір аймақтар көш бастап тұр. Короновирусты инфекциясынан өзіңізді және өзгелерді сақтау үшін адам көп шоғырланған жерлерге, отбасылық, естелік, салтанатты, мерекелік, мәдени-көпшілік, оның ішінде жиын-тойға барудан (банкеттер, үйлену тойы, мерейтой, еске алу, т.б) және ұйымдастыруға шектеу қойған дұрыс. Мұндай көшке ілікпес үшін сөзден іске көшетін сәттің келгенін қайталап айтқым келеді, – дейді Г.Мәлікқызы. – Коронавирустың екінші толқыны басталса, емханалар қызметі қалыпты жағдайда жалғаса береді. Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, дәрігерлер алдын ала жазылу бойынша қабылдайды. Ал коронавирустың белгілері бар науқастарды бөлек есік арқылы кіргізіп, бөлек кабинетте қарайды. Бүгінде емханада коронавирустан амбулаториялық деңгейде емделуге арналған дәрідәрмек бар. Дәрігерлер де, олардың қорғаныс киімі де жеткілікті. Жалпы ұжым екінші толқынға сақадай сай. Әрине, науқас тіркелмегені жақсы. Адам денсаулығы – баға жетпес байлық. Барлық талапты бұлжытпай орындасақ қана, бұл ауыртпалықты артқа тастаймыз. Мұның барлығы халқымыздың саулығы, еліміздің ертеңі үшін. Аурухана тағы да 5 жасанды тыныстандыру аппаратымен толықты. Жан сақтау бөліміне ауыр жағдайдағы 6 адамға арналып төсекорын жабдықталды. Жұқпалы аурулар бөлімі және аудандық аграрлытехникалық колледж жатақханасы да емдеу жұмыстарын жүргізуге дайын, – дейді аудандық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары. Жерлестерден қойылған талаптарға түсіністік танытуы сұралады. Қоғам қауіпсіздігі, ел болашағы – барлығымыздың қолымызда.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
07 қараша 2020 ж. 389 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 380

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 459

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930