» » Мейірімділік мерей өсіреді

Мейірімділік мерей өсіреді

Қазіргі қауырт қоғамда асығыс адамдардың біреуге қарайласып мейірімділік танытуына көбіне уақыт тапшы дейміз. Десе де, тағдырдың тезіне көніп, егде жаста жалғыз өмір сүруге мәжбүр қарттар мен жас талғамайтын мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуді таңдаған сала мамандары бар. Олар – әлеуметтік қызметкерлер. Жүрегі мейірім мен қайырымға толы жандар бүгінде атына заты сай әлеумет үшін еңбек етуде. Өзінен көмек күткен жанның көңілін қалдырмай, сауапты іспен де айналысуда.
Қазан айының соңғы жексенбісі жыл сайын әлеуметтік сала қызметкерлерінің күні ретінде тойланады. Мұнда жұмыс істейтін сала мамандары 2 топқа бөлінеді. Олардың бірі – мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созса, екінші тобы – егде қарттарды қамқорлығына алған. Бұл сала мамандары арнайы стандарт бойынша бекітілген 8 бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар әлеуметтік, экономикалық, педагогикалық, психологиялық, медициналық, құқықтық, мәдени, еңбек сықылды бағыттарды қамтиды.
– Біз 2004 жылдан бері қызмет алушыларға көмек көрсетудеміз. Аудан бойынша, яғни Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай ауылдық округін қоса алғанда 31 әлеуметтік қызметкер бар. Біздің көмекке жүгінушілер саны – 155. Олар өмір сүру салты бөлек мүмкіндігі шектеулі қоғамның мүшелері. Оларды қоғамдық ортамен, мәдени өмірмен байланыстыру, денінің саулығын қадағалап, көңілін көтеріп, қиын кезде демеу болу да – біздің міндет. Әрбір қызметкердің өзіне тағайындалған қызмет алушысы бар. Көмек алушыға аптасына 2 рет, 2 сағаттан уақытын арнайды, – дейді үйде әлеуметтік қызмет көрсету секторының меңгерушісі Шакаркүл Әлікеева.
Өткен жылы мерейлі мерекеде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолұшын созатын сала мамандарының өлшеусіз еңбегін жазсақ, бұл жолы егде жастағы қарттарға күтім жасайтын әлеуметтік қызметкерлер туралы толығырақ таныстыруды жөн көрдік.
Иә, жасарын жасап, өмірдің сан алуан белесінен өтіп, қарттық дәурен келгенде жалғыз қалу кімге де болсын оңай емес. Тағдырдың жазуы болар, кім білсін? Осындай көңілі жарым қарттың керегіне жарап, қол көмегімен қатар, психологиялық демеу көрсететін ауданда 18 әлеуметтік қызметкер бар. Олар 82 қартқа қызмет етеді.
– 18 қызметкердің дені әйел адам. Ортамызда 2 ер-азамат бар. Тұрмыстық көмек көрсетуге келгенде ердің, әйелдің жұмысы деп бөліп-жармай, білек сыбанып кірісе кетеді. Әр қызметкерге 5 қарттан бөлінген. Жағдайларына қарай күнделікті, күнара барып қолғабыс етеді. От жағу маусымына орай от жағып, күл шығару, төсек тартып жатқан жанға тамағын істеп беретін де осы жандар. Бір жағынан сауапты іс болғанымен, бұл іс – көптің қолынан келе бермейді. Алайда осы мамандықты өміріне серік етіп, отыз жылдан астам көптің алғысын арқалап жүрген Назымша Жиенбаева секілді кең жүректі жандар да бар, – дейді кентке қарасты мұқтаж азаматтарға үйде арналған әлеуметтік қызмет көрсету секторының меңгерушісі Күміс Елібаева.
Бұл орталықтың жұмысы көп жағдайда құпия сақталады. Себебі, тағдырдың тезімен жалғыз өмір сүріп жатқан қарттар өмірін көпке жария еткісі келмейді. Күнделікті қызмет етіп жүрген бір қызметкерге үйренген олар өзге адамға ауысқанын қаламайды дейді мамандар. Сондай-ақ, олар мереке күндері де өз қаражаттарынан сыйлық дайындап, қамкөңіл қариялардың көңілін аулауға тырысады.
Қоғамның белгілі бір тобына қызмет етіп, оны риясыз көңілмен, таза ниетпен жасайтын әлеуметтік сала мамандарының еңбектері ерен. Көмекке мұқтаж жанға мейірімге толы аялы алақанын ұсынатын осындай қайырымды жандардың көп болғандығы қуантады.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)
27 қазан 2020 ж. 707 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031