» » Дастанбектің дара әлемі

Дастанбектің дара әлемі

Қоғам түрлі топтан тұрады. Тағдырдың тезіне көніп, талай қиындыққа мойымаған жандар да, тумысынан өзгеден ерек болып, өзгеше өмірді сүретіндер де ортамызда бар. Мүмкіндігі шектеулі жан болса да олар біздің қоғамның бір бөлігі.
Статистикалық деректерге сүйенсек, жер шары тұрғындарының 10 проценті мүгедектер екен. Ал қазанның екінші жексенбісі – мүгедектер күні екенін екінің бірі біле де бермейді. Жыл сайын осы күні көңілі жарым, денсаулығында кемістігі бар жандарға мейірім сыйлайтын мереке ауқымды түрде өткізілетін. Елдегі жағдайға орай, биыл мұндай жиындар өткізілмейді. Десе де, өзгеден ерек қалпымен бойындағы өнерін дамытуға күш салған кейіпкер туралы жазуды жөн көрдік.
Кент тұрғыны, «Алтын алқа» иегері Фарида Әбсаттарова дүниеге 10 перзент әкелген. 7 қыз, 3 ұл өсірген ардақты ананың екі ұлы тумысынан мүмкіндігі шектеулілер санатында. Үлкені Рүстембектің жасы қырықтан асса, інісі Дастанбек биыл отызға келеді. Олардың он екі мүшесі түгел болғанымен, ақыл-есі мен сөйлеуі жағынан кемістігі бар. Өзгеше өмірді сүретін қос бауырдың көп нәрсеге икемі бар. Тек оны дамытуға қабілеттерінің жетпейтіні болмаса.
– Жаратушы әрбір пендесіне сынақ жібереді емес пе? Өзгеден ерек балаларымды өзге перзенттерімнен кем көрмеймін. Басқаша өмір сүру бұйырғанымен олар да Тәңірдің сыйы. Бірі – ән айтуға құмартса, екіншісі – сурет салады. Өзге перзенттерім сан-салада жұмыс істейді, өз отбасы бар. Алайда ерекше болмысты екі бауырына қамқор. Алла осы мейірімділігінен жазбасын, – дейді ардақты ана Фарида Әбсаттарова.
Ағайынды Рүстембек, Дастанбек Әбдікеровтер ІІ топ мүгедектері. 2004 жылдан бері есепте тұратын оларға күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер де тағайындалған. Гүлназ Жарылқасынованың қос бауырдың сенімді серігіне айналғанына да біраз уақыт болған. Оларға шынайы жанашырлықпен қарайтыны соншалық, әпкелеріндей болып кеткен секілді. Ол қажет кезде демеу болып, өздеріне берілген 8 бағыт бойынша қызмет көрсетуде.
– Аптасына 2 рет осы үйге келіп тұрамын. Өздері ұқыпты, әрі тиянақты. Жеткізе алмайтыны болмаса, айтқан сөзіңді түсінеді. Ал Дастанбектің сурет салуға деген ынтасы ерекше. Ол өте белсенді. Осы уақытқа дейін өткізілген мүгедектер арасындағы сайыс пен іс-шараларда белсенділігі үшін бірнеше рет марапатталған. Газет-журналдан немесе телефоннан қарап отырып, сурет салғанды жақсы көреді, – дейді әлеуметтік қызметкер.

Жұмыс үстелінде сурет салуға арналған дәптері мен бояудың түр-түрі бар. Барлығы ұқыпты жиналған. Ал түрлі шараға қатысқандағы жеткен жетістігі мен марапаттары арнайы файлда жинақталған. Дастанбектің қолынан шыққан суреттері ерекше. Қай суретінде де ашық түстерді көп пайдаланған. Оған қарап көңілінің риясыз пәк екенін аңғардық. Дәптеріндегі бейненің көбісі – жылқының суреті. Текті жануарды ол да ерекше жақсы көреді. Өз қолынан плакат та дайындаған. Бауырының өнеріне деген құрметі болар, оны әпкелері жоғарыға іліп қойыпты. Әпкесінің айтуына қарағанда, үлкен аталары майлы бояумен сурет салудың шебері болыпты. Дастанбектің сурет салуға деген құмарлығы қанмен келген қасиеттен болса керек. «Ақыл-есі бүтін болғанда, мықты суретші болар ма еді?» деп те қояды жақындары.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
06 қазан 2020 ж. 868 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031