» » Әлеуметтік саланың әлеуетін арттырған ұжым

Әлеуметтік саланың әлеуетін арттырған ұжым

ЖОСАЛЫ, 28 қазан - qarmaqshy-tany.kz Ел ішінде «райсобес» аталып кеткен мекеме бар. Атауын білгенмен бұл жерде қандай қызмет атқарылатынын ісі түскен адам болмаса, басқасы білмесі анық. Толық ақпарат алу үшін мекемеге бас сұқтым. Өз ісіне берілген мамандар тұрғындармен жұмыс істеуде. Әлеуметтік сала қызметкерінің қандай бағытта жұмыс жасайтынымен таныс болдым.

Әлеуметтік сала – еліміздегі маңызды қызметтің бірі. Қазіргі қоғамда болып жатқан түрлі оқиға осы әлеуметтік мәселеге келіп тіреледі. Ал кез келген әлеуметтік мәселенің басым бөлігінің шешілер түйіні осы жерде. Бұл жерге түрлі қызмет көрсету түрлері, қолдау, көмектесу, оңалту, қорғау, қамқорлық таныту, ұйымдастыру деген ұғымның барлығы кіреді. Бұл мекеме өмірде орын алып жатқан әртүрлі жағдайға бей-жай қарамай, мемлекет тарапынан қолдау алып, көмекке мұқтаждарға жәрдем беруде. Мұндағылардың ісі көзге көрінбесе де, қиындығы мол жауапты жұмысты алып жүр. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің басты мақсаты – аталған салада мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Бұл мекеме 5 сектор бойынша жұмыс істейді. Олар: жұмыспен қамту, еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік төлемдер және азаматтық хал-актілерін тіркеу, бухгалтерлік есеп жүргізу, жоспарлау, кадр, құқық және ұйымдастыру, Байқоңыр қаласы бойынша әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамту және азаматтық хал-актілерін тіркеу секторы және мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету секторы.
Бұл мекеме ұзақ жылдар бойы халық игілігіне қызмет етуде. Сала мамандары халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде ерінбей еңбек етіп, уақытпен санаспай жұмыс істеп келеді. Әлеуметтік қорғау саласында ұзақ жыл бойы мекемені абыроймен басқарған Аяған Боханов, Раушанбек Шопанов, Жаңаберген Сәденов, Тұрсынбек Бекпанов секілді білікті басшылардың, ел ағаларының қажырлы еңбегін атап өткен жөн. Қазіргі таңда мекемені Зере Метерова басқарады. Бөлімде барлығы 71 адам қызмет етеді. Оның ішінде 14 мемлекеттік қызметкер, 16 статист, 35 әлеуметтік, 6 техникалық қызметкер бар. Олардың басым көпшілігі ұзақ жылдан бері осы жерде қызмет етіп келе жатқан білікті мамандар. Атап айтар болсақ, Шахаркүл Әлекеева мүмкіндігі шектеулі жандармен аянбай жұмыс істесе, әлеуметтік қызметкер Айнаш Башанова, жетекші маман Ғабит Кенжеқұлов, әдіскер Әмина Елпанова, жетекші маман Майра Арғынбаевалар өз қызметін жоғары дәрежеде атқарып жүрген озаттар. Бұл жерде бас маман Гүлжан Көлдееваға ерекше тоқталғанды жөн көрдік. Себебі ол 33 жылдан бері осында еңбек етіп келеді. Көненің көзін көріп, бірқатар басшылармен жұмыстас болған ол қазіргідей техника дамымаған уақытта да есепшот арқылы есеп-қисап жүргізген білікті маман. Аталған сала қызметкерлерінің бір ерекшелігі жүрегінде мейірім, жүзінде жылылық бар. Себебі олар тағдыр тауқыметімен түрлі жағдайға тап болған жандармен тығыз байланыста. Олар қажет кезде көмек беріп, көңілдеріне демеу болып, жылағанда жұбатып жүрген жандар.
Ағымдағы жылы «Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасы бойынша 1534-тен астам мүгедек арнайы құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар міндетті гигиеналық құралдарға республикалық және жергілікті бюджеттен 67350,0 мың теңге қаралып, қажетті заттар үздіксіз қамтамасыз етілуде. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңына сәйкес үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі жұмыс істейді. Күтім жөнінде қызмет етуші әлеуметтік қызметкердің саны – 37. Олардың қарамағына 152 үйде әлеуметтік көмекке мұқтаж жан қамтылған. Қызметкерлер сауықтыру бойынша жаттығу жасату, бос уақытын тиімді ұйымдастырып іс-шара өткізу, консультативтік, медициналық және құқықтық көмек беру бағыттарында жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар олар мүгедек балалардың да көңілін аулап, барынша қолдау білдіреді.
«Халықты жұмыспен қамту» секторы бойынша Байқоңыр қаласын қоса есептегенде 830 азамат жұмыссыз ретінде тіркелген. Осы жылы 240 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылда 4 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілген.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы ІІІ бағыт бойынша жұмыс жасайды. І бағытымен қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға жұмыссыз санатындағы 80 адамды оқыту жоспарлануда. ІІ бағытымен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курсында 1 кезеңде 40 азамат тестілеуге қатысып, 35-і оқуды аяқтады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша курстар әлі де жалғасын табуда. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілген мемлекеттік гранттар бойынша 6 адам жеңімпаз атанды. Бағдарламаның ІІІ бағытымен әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 10 кәсіпкерлік субьектісіне 31 адам жолданды. Жергілікті бюджет бойынша 8 кәсіпкерлік субьектісіне 20 адам жұмысқа жолдама алды. Қоғамдық жұмысқа осы жылға бюджеттен бөлінген қаржыға 289 адам тартылған.
«Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек» пен «Хал-актілерді тіркеу» бөлімінде күн сайын жұмыс қыза түсуде. Жаңа талаптар қойылуда. Бұл да мамандарға қосымша жауапкершілік жүктейді. Сонымен қатар бұл сала қызметкерлері жазасын өтеп келген азаматтарды да ұмыт қалдырмайды. Олардың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етіп, тіркеуге алып отырады.
Ақыл-есін жоғалтқан құжатсыз жандарды құжаттандырып, қоғамның әлсіз тобына көмек көрсетіп, науқас жанның оңалуына жағдай жасайтын да – осы сала мамандары.
– Біздің жұмысымыз көп қырлы. Басты мақсатымыз – көмекке мұқтаж адамға жәрдемдесу. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету. Олардың жағдайын жақсарту мақсатында осы жылдың сәуір айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек берілуде. Бұл көмекті алғандардың арасында мемлекет тарапынан берілген қаражатты тиімді пайдаланып, өз кәсібін ашып, тұрмыс жағдайын түзеп жатқаны жетерлік. Осындай игі жұмысты тиімді пайдаланғанның өзі де көпке үлгі. Себебі бұл – әлеуметтік көмекке мұқтаж жанның әл-ауқатын жақсартуға арналған үлкен мүмкіндік, – дейді мекеме басшысы Зере Қорғанбекқызы.
Сан-саланы қамтитын бұл мекеменің атқарар қызмет түрі өте көп. Халықтың қажетіне жарап, алғысын алып жүрген Әлеуметтік қызметкерлер күні жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде тойланады. Осындай нардың жүгін арқалаған сала қызметкерлері қандай құрметке де лайықты.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
28 қазан 2019 ж. 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031