» » Тағылымды басқосу

Тағылымды басқосу

Тіл – ұлттың жаны, әрі басты құралы. Тілі қолданыстан шыққан елдің өзі де көп ұзамай тарих сахнасынан орын босатары анық. Мемлекеттік тілдің мәртебесін асырып, болашақ ұрпаққа ұлт тілін ұғындырып жүрген жандардың бірі – ұстаз қауымы. Мерейлі мереке қарсаңында тіл жанашырларының қоржыны тағы бір орны бөлек марапатпен толықты.
Тіл мен ел жанашыры атанған Күлжауһар Раева басшылық ететін «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалында «Ұстаз – ұлт мақтанышы» атты мерекелік қабылдау өтті. Оған «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Болатбек Нұрқашов пен білім дәнін егуші ұстаздар қатысты. Алғашқы сөзді мәслихат депутаты Күлжауһар Раева алып, келешек ұрпақты тәрбиелеп жүрген ұстаздар қауымына алғысын айтты.
– «Ұстаз – халықтың анасы» деген сөз бекер емес. Себебі ұстазсыз білім де, мемлекетті мемлекет ететін адам да болмайды. Қандай да бір жетістікті бағындырған адамның өзі ұстаз алдынан шығады. Сондықтан да мұғалімдер қауымы құрметке лайық. Жылы жүректі, адамдығы мол мамандықты меңгеріп, елге қызмет етудесіздер. Өзім де осы жолмен жүріп өткендіктен, баланы оқытып, оны келешектің тұтқасын ұстар тұлға ретінде тәрбиелеу оңай емесін білемін. Ұстаз тек өз баласының емес, ел баласының мүддесін, солардың жоғары жетістігін көздейді. Жауапкершілігі мол, арқалар жүгі ауыр мамандықты меңгеріп, ел болашағы үшін еткен еңбектеріңіз елене берсін, – деді Күлжауһар Төлегенқызы өз сөзінде.
Одан кейін жиын қонақтары Дастан Әбдібекұлы мен Болатбек Оразбекұлы мұғалімдерге жылы лебізін білдіріп, пандемия кезіндегі екі еселенген жұмыстарына алғыс айтты. Марапат ұсынып тұрып, қызығы мен қиындығы қатар жүретін еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі. Осы ретте, аудан ұстаздары республикалық бірлестіктің «Құрмет грамотасымен», облыстық және аудандық филиалдың «Алғыс хатымен» марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды. Қоғам үшін еткен еңбектеріне ел алғысын алған тіл жанашырлары жүрекжарды ойларымен бөлісіп, ерекше қабылдау үшін ризашылықтарын жеткізді.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет)
14 қазан 2020 ж. 593 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031