» » «Томанов» және «Теміржол» бастауыш партия ұйымының кездесуі өтті

«Томанов» және «Теміржол» бастауыш партия ұйымының кездесуі өтті

Қармақшы аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Раева Күлжауһар Төлегенқызы аудандық филиалға қарасты «Томанов» және «Сырдария» бастауыш партия ұйымдарында болып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттады.
Кездесуге «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Буханов Дастан Әбдібекұлы, бастауыш партия ұйымының төрағалары және топтық ұйым жетекшілері қатысты. Кездесу барысында фракция жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты К.Раева және аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Д.Буханов Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауына тоқталып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Сонымен қатар, «Томанов» бастауыш партия ұйымының төрайымы, №250 мектеп-лицей директоры Г.Еркебаева білім саласы бойынша Жолдауда жүктелген міндеттерге байланысты пікірін айтса, «Теміржол» бастауыш партия ұйымына қарасты топтық ұйым мүшелері аудандық жыраулар үйінің директоры А.Бүрлібаев, мамандары С.Жұматаева, А.Скендиров және белгілі жырау Б.Рүстембеков Президент Жолдауындағы мәдениет саласы қызметкерлерін қолдауына ризашылықтарын білдіріп, өз ойларын ортаға салды.

"Қт" ақпарат

19 қыркүйек 2020 ж. 676 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 741
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 108

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 473

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031