» » Құс тұмауы қаншалықты қауіпті?

Құс тұмауы қаншалықты қауіпті?

Жақында еліміздің Ресеймен шекаралас жатқан солтүстік облыстарында "Құс тұмауы" таралды. Осыған байланысты республика көлемінде індеттің алдын алу шаралары қолға алынды. Әр елді мекендегі үй құстарына мони-торинг жұмысы жүргізіліп, тұрғындарға сақтық шарасы түсіндірілуде. Мұндай жұмыстар біздің ауданда да қолға алынды.


– Қазіргі таңда мониторинг жұмысы нәтижесінде ауданда жалпы саны 17530 құс тіркелді. Нақтыланған санға байланысты құс тұмауына қарсы вакцинаға ұсыныс берілді. Алдағы уақытта екпелер жеткізіледі деп күтіп отырмыз. Одан бөлек, тұрғындарға үй қанаттыларын індеттен сақтауға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Әлеуметтік желіде ақпараттық жадынамалар жариялап, үнпарақтар таратылды. Қазіргі таңда біздің ауданда бұл індетті жұқтырған құс тіркелген жоқ. Эпизоотиялық аху-ал тұрақты және жағдай сала мамандарының бақылауында, – дейді облыстық ветеринария басқармасының Қармақшы ауданы бойынша бас маманы Мәди Сарыбаев.
Жалпы, құс тұмауы – бұл тыныс алу жолдарына, ас қорыту жүйесіне залал келтіретін қауіптілігі жоғары саналатын құстардың жұқпалы ауруы. Оның штамдары жоғары деңгейдегі уыттылыққа ие және түрленуге бейім. Осы себептен індет қауіптілігі аса жоғары инфекция болып саналады.

Ауруды жұқтырған құстарда жұмыртқалау қабілеті азайып, суды шөліркеп ішеді. Қауырсындары ұйпаланып, шырышты қабықта қызару белгісі байқалады. Құстың тезегі жасыл түстеніп, жүрген кезінде сеңделіп дірілдейді. Егер құс аурудан өлсе, оның мұрын тесіктерінде жалқаяқ қатып, өлген соң айдары мен сырғасында цианоз (көгеру) білінеді. Тыныс алу жолы мен ас қорыту жүйесінде, бүйрегі мен бауыры қанталайды. Өкініштісі, бұл аурумен ауырған құсты емдеу мүмкін емес. Сол себептен індеттен сақтану және алдын алу маңызды.
Ол үшін жеке шаруашылығында құс асырайтындар қанаттыларының жабайы, оның ішінде суда жүзетін қанаттылармен жанасуын болдырмау қажет. Үй жайындағы құсты мейлінше жабық түрде ұстаған дұрыс. Құстан ауру белгісі немесе өлу байқалса, дер кезінде ветеринария бөліміне хабарласу керек. Көлдерден радиусы 5 шақырым болатын аймақта үй құстарын бағуға болмайды.

Ал шаруашылықта құстары бар заңды тұлғалар жоғарыдағы қауіпсіздік шараларынан бөлек, шаруаны жүргізу субъектінде қолайлықты сақтап, дезинфекция жұмыстарын жүргізуге тиісті. Оларды өсіру және ұстау технологиясын сақтауға міндетті.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның бірнеше облысындағы 117 елді мекенде "құс тұмауы" 567 мың бас түрлі қанаттыдан анықталған. Індеттің таралмауы үшін бүгінде жауапты органдарға арнайы тапсырмалар жүктеліп, алдын алу шаралары атқарылуда.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ
06 қазан 2020 ж. 449 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031