» » Қармақшы өнімдері – жәрмеңкеде

Қармақшы өнімдері – жәрмеңкеде

Биылғы "Қызылорда қаласы күні" эпидемиологиялық ахуалға байланысты санитариялық нормаларды қатаң сақтау тәртібімен өтті. Қалың көрермен мерекелік концерттерді әлеуметтік желі арқылы онлайн тамашалады. Десе де, халыққа өңір өнімдерін ұсынатын жәрмеңке дәстүрге сай арнайы орындарда өтті. Оған біздің ауданнан жалпы көлемі 180 тоннаға жуық өнім жеткізілді.


Жәрмеңкеге келген жұрттың қарасы қалың. Барлығы жергілікті өнімдерді арзан бағада сатып алуды көздеді. Жалпы Қармақшы ауданы қала тұрғындарына 70 көлікпен керуен аттандырды. Оның ішінде ауданға қарасты ауылдардың шаруалары ақ күріштің 25 тоннасын, асқабақ пен қауын-қарбыздың 40 тоннасын, бақша өнімдерінің 35 тоннасын жәрмеңкеге жеткізді. Одан бөлек сүт, ет пен балықтан 5 тонна, жоңышқаның 2000 данасы және күріш қалдығы, мал азығының 45 тоннасы сатылымға шықты.

– Қалада тұрғаныммен Қармақшылықпын. Сол үшін үйге туған жерімнің өнімін апаруды жөн көріп, арнайы келдім. Қарбыз бен қауынның бірнешесін, күріш пен бақша өнімдерін сатып алдым. Жұбайым бұған қуанатыны сөзсіз, – дейді Нұрбол Айтқалиев.

Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің мәлімдеуінше мұндағы өнімдер базар бағасынан 15-20 процентке арзан сатылған. Содан шығар жәрмеңкедегі сауда қызу жүріп жатты. Осылайша Қармақшы "қала күніне" ауылшаруашылық өнімдерімен тарту жасап, қала тұрғындарын жергілікті азықпен қамтамасыз етті.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай 19-20 қыркүйекте жәрмеңке өтті. Оған өңірден 360 тоннаға жуық өнім жеткізіліп, Қармақшыдан жалпы көлемі 40 тонна болатын Сыр маржаны күріші мен тәтті қауын-қарбыз, асқабақ елордалықтарға ұсынылды.

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
29 қыркүйек 2020 ж. 727 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930