» » Бақыт сыйлаушы бағдарлама

Бақыт сыйлаушы бағдарлама

«Кембридж университетінің бір профессоры: «Кейінгі кезде әйелдердің бедеулігі жиіледі. Себебі, қан айналымы – жатырға емес, миға кетіп жатыр» деген. Сондықтан кез келген әйел ең бірінші міндеті – ана болу екендігін естен шығармағаны, бақыттың төресі де, киесі де бала сүю екенін ұмытпаған жөн».


«Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырамын. Экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламалары бойынша бөлінетін квота санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есе көбейту қажет» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында жариялады. Жолдаудың әр тараптары нақты тапсырманы, түйткілді мәселені қозғап тұр. Әсіресе «Аңсаған сәби» бағдарламасының жүзеге асуы еліміздің демографиялық жағдайын 7 есеге бір-ақ көтеретін бақытты бағдарлама болмақ. Жасанды жолмен ұрықтандырумен ең алғашқы сәби 1978 жылы дүниеге келген. Содан бері әлемде миллиондаған нәресте осы әдіспен дүние есігін ашып жатыр. Біздің елімізде 1995 жылы алғашқы болып, денеден тыс ұрықтандыру әдісін енгізіп, 2010 жылдан бастап ЖЖҰ бағдарламаларына квоталар бөліп әр шаңырақтағы жан басының бір адамға көбеюіне үлес қосуда және бүгінде 5000-нан астам процедуралар тегін жасалды. Жасанды жолмен ұрықтандыру ісіне жүгінетін аналар қатары да аз емес. Солардың бірі – Төретам кентінің 33 жастағы тұрғыны Жадыра. (Кейіпкердің аты-жөні өз өтініші бойынша өзгертілген). Жолдасымен отау құрғанына 7 жылдан аса уақыт өтсе де, ерлі-зайыптылар сәби сүймеді. Алланың берерін күтіп, одан қалды тынымсыз тіршіліктің шырмауына

байланып жүргенде осы уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалған көрінеді. Отбасында сәбидің сыңғыры, жылағаны, шашылған ойыншық, итжейде мен жөргектер олар үшін тым бөлек жағдай болатын. Сәбисіз өмір... Баланың қызығы бөлек бір әлем. Отбасы атты шағын кеңістікті баламен толтыру оларға арман болды. Арман! Жәй ғана бастары жастыққа тигенде армандап қоя салатын бір қиял ұшқын. Олар ата-ана болу бақытын сезінуді бұйыртатын күн туатынын сабырмен күтті. Алайда аспандағы жұлдыздарды санап, керуетте жатып армандау да бекер ғой. Әрекет керек!

– Әрекет 2018 жылдың мамырында басталды. Алладан қажетімізді тілеу – мұсылман қауымының ғибадаты. Шаңырақ көтергеннен бері Алладан нәресте беруін тіледік. Жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы сәби сүю оңай шешім болмады. Зерттедік, сұрастырдық, психологиялық жағынан кішкене тоқтам болды. Дегенмен, бір шешімге келдік. Ойға алған істі бастауға бел будық. Облыс орталығында «Экомед-Сырдария» клиникасына барып, тексеруден өттік. 4 ай бойы қажетті сынамалар тапсырып, ем-шаралар алып жүрдік. Ораза айында «Біссіміллә» деп бастаған ісіміз оңынан болып, Алматы қаласында экстракорпоралды ұрықтандыру жүзеге асырылды. Салтанат Байқошқаровамен тікелей танысып, жеке кеңес алдым. Білікті маманның және клиника дәрігерлерінің септігімен дүниеге сәби әкелдім. Бала сүю – бір бақыт. Дені сау бала сүю – он есе бақыт екен. Қазір атқамінердің ата-анасымыз. 4 айлық бақыт құшағымызда, – дейді кейіпкеріміз.

Мемлекет басшысы үкіметке экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламалары бойынша бөлінетін квота санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есе көбейтуді тапсырды. Сол себептен де «Аңсаған сәби» бағдарламасы талай отбасына қуаныш сыйлайтыны айқын.

«Адам – ұрпағы үшін ештеңені аямайды. Дегенмен ЖЖҰ қалың қалтаны қажет етеді. Мендегі шығын 2 млн теңгені құрады. Мұндай қаражатты таба алмаған отбасылар сәбилі болуға құқығы жоқ па? Әрине, Мемлекет басшысының бұл тапсырамасы – кеудесіне алтын алқа тағынған алтын құрсақты аналардың жолын береді, осы бағдарлама аясында квота арқылы біз де тағы бір сәби сүйсек деген ниетіміз бар» – дейді әпкеміз сырымен бөлісіп.

Ұрпақ сүю – мына өмірдің теңдессіз нығметі. Дүние, қызмет қуып жүргенде көптеген отбасы осы үлкен бақытты қолынан шығарып алып жатады. Аққан су, батқан күнде белгі бар ма? Не нәрсені де уақытында бағалағанға не жетсін!

Гүлжан САРТАЙҚЫЗЫ
Төретам кенті
26 қыркүйек 2020 ж. 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031