» » Татуласу – тиімді тәсіл

Татуласу – тиімді тәсіл

Қазақта «дау мұраты – біту» деген аталы сөз бар. Қазіргі таңда, бұл тәсілді әлемдегі көптеген өркениетті ел қолданып отыр, себебі медиация тәсілінің енуінің өзі өмір талабы.
2011 жылдың 28 қаңтарында қабылданған «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңы дауды сотта қараудан басқа да жолмен шешудің құқықтық негізін белгілеп, дауларды татуласу рәсімімен шешілуіне ықпалын тигізді. Медиация ұғымы дауласқан екі және одан да көп жаққа дауды немесе даушарды шешуде олардың барлығын қанағаттандыратындай мәмілеге келтіру жолын іздестіруге бағытталған, істің бітіміне мүдделі емес үшінші тұлғаның әрекетін білдіреді. Медиация рәсімінің сот жұмысына да, қарапайым халыққа да берер пайдасы өте көп. Ол сотта қаралатын істердің санын, судьялардың жүктемесін, ең ақырында дауласып келген тараптардың да шығынын азайтады. Ауданда аталмыш заңды насихаттап, оның тиімділігін түсіндіру, сот процесінде тараптарға дауды медиация тәсілімен шешу құқығын түсіндіруге бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Тұлға егер сотқа арыз берген жағдайда, біріншіден, істің қаралуы созылып кетуі мүмкін. Іске нүкте қойылғанша бірнеше сот отырысы өтеді. Шағымдар облыстық, тіпті Жоғарғы Сотқа жолданып жатады. Қайтақайта жұмыстан сұранып, кәсіпті тоқтатып, жеке тірлікті ысырып қоюға тура келеді. Мемлекеттік баж төлеу, сот шығынын өтеу, заңгерді жалдау, мұның бәрі үлкен шығын. Ең дұрысы – татуласу, келісу, бітімге, бір мәмілеге келу. Одан екі жақ та ұтпаса, ұтылмайтыны шындық. Әлбетте, татуласудың тиімділігі мен артықшылығын, өзектілігі мен өміршеңдігін қарапайым халыққа түсіндіру бағытында үгіт насихат жұмыстары мұнымен тоқтамауы тиіс. Ата-бабамыз қолданған бітімгершіліктің алдағы уақытта да кең қолданылып, көпшілік тарапынан қолдау табарына сенім мол.
Самат ҚОЖАБАЕВ,
аудандық соттың бас маманы
22 қыркүйек 2020 ж. 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930