» » Орталықтың міндеті - татуластыру

Орталықтың міндеті - татуластыру

Елбасы дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру, ұсақ-түйек мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасы аясынла қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Сотсыз татуласу орталығын» құру жобасы ұсынылған болатын. Ал, оны жүзеге асыру үшін пилоттық аймақ ретінде Қызылорда облысы белгіленді. Онда медиаторлар, адвокаттар, нотариустар, психологтар, сот орындаушылар көмек көрсетеді. Мұнда азаматтарға кеңес беру, даулардың категориясын анықтау, медиаторды таңдау, бітімге келтіру секілді жұмыстарды атқарылмақ. Бүгінгі күні мұндай орталық ауданымызда ашылған.
Бітімгершілік – дауды шешудің озық әдісі болып табылады. Ұсақ – түйек келіспеушіліктердің бітімгершілікпен шешілуі, қиын істердің сапалы қаралуына ықпал етіп, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын түрлі қиындықтардан құтқарады.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Судьялардың V сьезінде: «Сот тәртібінде қарастырылуға жататын даулар санын азайтып, оларды шешудің балама тәсілдерін, соның ішінде бітімгершілік рәсімдер мен медиацияларды енгізу маңызды. Бұл сот төрелігінің қалыпқа келуіне мүмкіншілік туғызады» деген еді.
Татуластыру рәсімдері сотта қаралатын істердің санын, судьялардың жүктемесін, ең ақырында дауласып келген тараптардың да шығынын азайтады. Медиация, түптеп келгенде, қазаққа жаңалық емес. Баяғы би-шешендердің атқаратын қызметі.
Істердің соттың құзырына жетпей, соттан тыс медиациялық жолмен шешілуі судьяларға тиімді екені рас. Сот жүктемесінің азаюы судьялардың уақытын үнемдеп, назарын неғұрлым күрделі істерге аударуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жүктеменің төмендеуі судьялардың ізденуіне жағдай туғызады. Шындап келгенде, дауды сотқа жеткізбей шешу тараптарға да анағұрлым қажет. Медиаторға жүгінген тараптар ең біріншіден уақыт ұтады. Бірнеше айға созылатын сот процесі жүрмейді. Жариялылық жоқ, яғни тараптардың істері құпия қаралады. Жоғарыда айтып өткеніміздей артық адам шақырылмайды. Мемлекет те жеке тұлға да шығын шығармай, уақыт оздырмай мәселені шеше алады. Істің кешіріммен, мәмілеге келумен шешілуі соттан гөрі, азаматтардың өзіне пайдалы .
Мысалы, екі көрші жер телімі үшін дауласты дейік. Бұл мәселе екі көршінің сабырға келіп, бір-бірінің талап-тілегін ескеру арқылы түйінделсе нұр үстіне нұр болмайма? Себебі, арыз жазып, іс сотқа дейін жеткең соң көршілердің сыйластығы бұзылады, өзінікін дұрыс санаған тараптар бір-бірінің кемшілігін көрсетіп, татулықтың тамырына балта шабады. Үлкендер жанжалдасқан соң қоңсы тұрған екі үйдің балалары да бір-біріне қырғи қарап, араздасып ержетеді.
Бір іс бойынша 10-15 адам болатын болса, олардың барлығы сот процесіне қатысады. Ал, медиацияда екі тараптан бір – бір адам және медиатор. Медиатор екі тарапты өзара ымыраға, түсіністікке шақырады. Келіскен екі тарап енді ол мәселе бойынша сотқа жүгінбейтіндігі туралы құжатқа қол қояды. Бұл мәселені тек сол 3 адам ғана білетін болады.
Облыс көлемінде аталмыш заңды насихаттап, оның тиімділігін түсіндіру, сот процесінде тараптарға дауды медиация тәсілімен шешу құқығын түсіндіруге бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Қармақшы аудандық сотымен дауларды шешудің баламалы тәсілдерін жетілдіру, құқық бұзушылықтың алдын алып, оңтайлы орта қалыптастыру мақсатында құқық қорғау органдарының, уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, коммуналдық мекемелер басшыларының, нотариустардың, банк қызметкерлерінің, кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен бірқатар басқосулар өткізілді.
Бұл басқосуларда қылмыстардың, әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу, азаматтық істердің жекеленген санаттары (коммуналдық төлемдерді өндіру, банктік істер, еңбек даулары, меншікке қатысты даулар, жер қатынастарынан туындайтын даулар, заңды маңызы бар фактілерді анықтау және т.б.) бойынша дауларды сотқа дейін шешудің мүмкіндіктері талқыланды.
Алдағы уақытта да халықтың дауларды баламалы тәсілдерімен шешу мәселелері бойынша құқықтық мәдениет деңгейін көтеру жұмыстары өз жалғасын таба бермек.

С.Қожабаев
Қармақшы аудандық сотының жетекші маманы
19 қыркүйек 2018 ж. 1 074 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031