» » Үкіметтік емес ұйымдардың форумы

Үкіметтік емес ұйымдардың форумы


Сәрсенбіде кент орталығындағы жыраулар үйінде «Ауыл үкіметтік емес ұйымдарын қолдау: даму мен өркендеу мақсатындағы серіктестік» атты облыстық форумы өтті. Жиынға арнайы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Руслан Қаюпов, облыстық Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының төрайымы Анар Ізден, ұйымның Қазалы ауданы бойынша өкілі Шынар Женсикбаева, ҮЕҰ-ның Альянсы Ассоциациясының Арал ауданы бойынша өкілі Айнагүл Баймаханова және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самат Смағұлов, бөлім қызметкерлері мен кенттегі ҮЕҰ-дың жетекшілері қатысты.
Форумның мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын іске асыру. «Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы», яғни халық үніне құлақ асатын мемлекет құруға белсенді қатысып, «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауындағы міндеттерді орындауға үкіметтік емес ұйымдарды қатысуға шақыра отырып, ауылдық елді мекендердегі қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыру.
Кездесу Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталып, алғы сөз облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасарына берілді.
– ҮЕҰ-дың белсенділігін арттыру бұл еліміз үшін маңызды. Өйткені Қазақстанның қалыптасуы мен қоғамның дамуына осы ұйымның ықпалы зор. Қазір облыс бойынша 996 үкіметтік емес ұйым болса, оның 454-і белсенді жұмыс атқаруда. Бұл төмен көрсеткіш емес, дегенмен әлі де көбейтуіміз керек. Сол үшін алдағы жүмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді Р.Қаюпов
Форумның барысы бағдарлама бойынша күн тәртібіндегі мәселелерге ойысты. «Қызылорда облысы бойына ҮЕҰ-дың жұмысына талдау» және «Ұйымның институционалды дамуын қамтамасыз ету жолындағы үдеріс және құралдар» тақырыбында облыстағы ҮЕҰ-дың Альянсы Ассоциациясының төрайымы Анар Жарылқасынқызының баяндамасы тыңдалды. Одан кейін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самат Смағұлов аудан бойынша атқарған жұмыстарымен бөлісті.
Облыстағы ҮЕҰ-ның Альянсы Ассоциациясының Арал ауданы бойынша өкілі Айнагүл Баймаханова «Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалардың орындалуын таныстырды.
Кездесуде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Қармақшы аудандық филиалының және аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева, «Ұлт бірлігі – Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шегебай Құндақбаев және «Дәметкен» жеке қайырымдылық қорының төрайымы Дина Исмаилова сөз сөйлеп, ұсыныс-пікірін жеткізді.
Шара соңында дебат ұйымдастырылып, қатысушылар жоғарыда айтылған мәселелер бойынша ұсынымдар қабылдады.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
12 қыркүйек 2020 ж. 840 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031