Аудан әкімі білім күнімен құттықтады
ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР!
ҚЫМБАТТЫ ҰСТАЗДАР МЕН АТА-АНАЛАР!
Баршаңыздың жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Қазіргі таңда білім беруді дамыту арқылы қоғам мен мемлекетті өркендетуде нәтижелі қадамдардың бірі болып табылады . Білім экономиканың басты ресурсы.
Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты, іс болып қала береді.
Мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтары мен түрлі өзгерістері еліміздің білім беру саласынада өз əсерін тигізуде. Бүкіл əлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мəселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігін туындатып отыр.
Сондықтанда біздің ауданымызда білім сапасының жоғары деңгейіне жеткізу жолында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда.
«Алты алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімдікі» деп Мағжан ақынымыз айтқандай, ұстаздар үшін басты жаңалық болған еліміздегі «Педагог мәртебесі туралы» заңының қабылдануы. Мұны біз ұстаз мерейінің өсуі, оның мәртебесін жақсартуға бағытталған тарихи мүмкіндік деп білеміз.
Қазіргі таңда ауданымыздың ұстаздары мен оқушыларының жыл сайынғы шығармашылық жетістіктері молайып келеді. Аудан оқушылары республикалық, облыстық деңгейде өткізілген пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба сайыстарында жоғары орындар иеленуде.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселері мен озады» деп Абай атамыз айтқандай, қазір білімдінің заманы. Ендеше біздің ұстаздардың жемісті еңбегінің нәтижесі шәкірттерінің биік белестерді бағындырып, ел игілігі жолында қызмет ететін азаматтарды тәрбиелеуінде.
Дегенмен мына әлемді шарпыған індет уақытты тиімді пайдаланып, бізден қашықтықтан білім беруімізді, кәсіби деңгейімізді дамытып отыруды талап етуде.
Биылғы 2020-2021 жылғы оқу жылында білім беру мекемелері санитарлық талаптар қатаң сақтап, дәстүрлі оқу жүйесімен жұмыс бастауға дайын.
Еліміздегі пандемияға байланысты биылғы оқу жылы ұстаздар үшін қиын да жауапкершілігі мол жыл болып отыр.
Осындай кезеңде білім беру ұйымдарындағы аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасының баларына көмек беріп жатқан кәсіпкерлеріміз бен демеушілерімізге алғыс айтқым келеді.
Шәкірттерге сапалы білім саналы тәрбие беруде ұстаздарымыздың педагогикалық бай тәжірибесімен ұштасып, бұл кезеңдерден де сәтті өтетінімізге сенімдемін.
Сонымен бірге бүгінгі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршін шәкірттеріміз тәуелсіз еліміздің игілігі жолында қызмет ететін озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтар болсын деп тілектестігімді білдіремін!
Болашақтың бағдаршамы болған ұстаздарымызға жаңа оқу жылында зор шығармашылық табыстар, отбасыларына амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін!
Жаңа оқу жылы баршамызға табысты, жемісті жыл болсын!
Ізгі ниетпен,
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков