Білім сынағында тек бап шабуы тиіс
Тарыдай боп мектеп табалдырығын кеше ғана аттаған сарыуыз балапандар 11 жыл білім алып, таудай азамат болып, қияға қанат қақты. Мектеппен қимай қоштасып, балалығын артқа тастаған жастардың жаңа қадамға аяқ басар жолында сынақ та аз емес. Соның ең маңыздысы, көп жылғы білімін сарапқа салатын ұлттық бірыңғай тестілеу. Бұл сынақ талайдың қуанышын еселесе, қаншама қарлығаштың қанатын қомдады. Соңғы оқу тоқсанында пандемия белең алып, мектептер қашықтан оқу жүйесіне көшкенмен ол білім сапасына айтарлықтай нұқсан келтірмегендей. Себебі биыл ҰБТ тапсырған аудандағы 511 түлектің 320-сы мемлекеттік грантты жеңіп алды. Жаңа оқу жылы қарсаңында жоғары оқу орнына құжат тапсырып келген студент пен грант жеңіп алған түлектің ата-анасын әңгімеге тартып, тәжірибелерімен бөлісуін сұрадық.
Ата-әже үшін немеренің орны бір төбе. Ардагер ұстаз Мәрзия Әдішова «Алтын белгі» иесі атанған немересі Мағжан Әбдіраманның қолдаушысы да қорғаушысы.
– «Түлектер ҰБТ тапсырады десе» қай кезде де елеңдеп, елдің баласының бәріне тілекші болып отырамын. Бәлкім бұл ұзақ жыл білім саласында еңбек еткенімнен шығар. Математика пәнінен дәріс беріп, 1994 жылы зейнетке шықтым. Қызығы – балаларым да, немерелерім де есептен жүйрік. Биыл №30 мектепті бітірген немерем ҰБТ-дан 111 балл жинады. Өзі армандаған асқақ қала Нұр-Сұлтандағы Еуразия ұлттық университетінің «Есеп және аудит» мамандығына грант арқылы оқуға түсті. Әкесі Мұрат, анасы Гүлмира осы мамандық иесі болса, ағасы Бағлан да болашақ қаржыгер. Яғни біздің отбасын «қаржыгерлер отбасы» деуге болады. 1 сыныбынан оқуда озат болған Мағжан уақытын босқа өткізбеді. География пәнінен олимпиадаларға қатысты. Спортпен айналысады. Соңғы 2 жылда тестке тұрақты дайындалды. Біз әрдайым жақсы білім алуына жағдай жасадық. Ақысын төлеп, онлайн курстарға қатыстырдық. Қосымша сабақтарға барды. №30 мектептің ұстаздарының аянбай еңбек етуінің нәтижесінде биыл біршама түлек оқу грантын иемденді. «Ауданның бас архитекторы болған атам Әбдіраман Тұрғановтың атын шығарамын» деп армандайды немерем. Сол арманына жеткізсін. Барлық грант иелерін құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тілеймін. Жалпы ата-аналарға, әже-аталарға балаға дұрыс бағыт пен бағдар, тәлім мен тәрбие бере білейік дегім келеді. «Не ексең, соны орасың» деген бар. Біз қалай бала үшін күш жұмсасақ, ізденсек, үйретуге талпынсақ олар міндетті түрде сол еңбегімізді ақтауға тырысады. Мына бір елге салмақ салған қауіпті кеселден тезірек айығып, оқушылар мектеп партасында отырып білім алатын күн жетсе, – деді ағынан жарылған әжеміз.
Одан соң аудандық білім бөлімінің әдіскері, биыл Қармақшы ауданында ең жоғары балл жинаған түлек Әлия Үсенованың анасы Тәжігүл Әбенованың әңгімесіне құлақ түрдік.
– Қызым 7 сыныпқа дейін №121 мектепте оқыды. 7 сыныптан кейін өзінің қалауымен, ынтасымен №250 мектеплицейге тест тапсырып, қабылданды. Әлиядан 9 сынып оқып жүргенде отбасы мүшелері бірауыздан «Кім болғың келеді?» деп сұрадық. Ол дизайнерлікті қалайтынын алға тартты. «Икемің мен бейімің болса, ол мамандықты қосымша да меңгеруіңе болады. Тағы кім болғың келеді?» деп таңдауын білуге асықтық. «Ақ халат киіп, дәрігер болсам» деді ойланып. Міне, сол күннен бастап дәрігерлік мамандық таңдау үшін химия, биология пәнін жетік білуі керек екенін жиі айтып отырдық. ҰБТ-ға дайындықты да мамандығын таңдаған соң бірден бастап кеттік. Тестке кітап бойынша дайындалды. Ағасы Жасұлан өз тәжірибесімен үнемі бөлісіп отырады. Бастысы – уақытты зая кетірмей, тиімді пайдалануға тырысты. Әкесі де, мен де ұстаз болған соң баламызбен қоса бірге жұмыс істедік. Үйде отырып сұрақ қоямыз. Миын демалдырып, көңілін көтерсін деп назарын кейде спортқа, кейде асханада дәмді ас әзірлеуге бөлеміз. Білімін шыңдап, нәтижеге жетуге атсалысқан №250 мектеп-лицейдің ұстаздарына, «Зерде» оқу орталығына алғысымыз шексіз. Қандай мүмкіндік бар, біз ата-ана ретінде баламызға соның барлығын ұсынуға тырыстық. Бастапқыда 95-96 балл жинап жүрді. Қай жерден қате кетті, қай сұраққа қиналдың? Әр тест сайын сұрақтың жауабына ізденетінбіз. Жинаған ұпайын жазып отырдық. Арттырмасақ, кеміткен жоқпыз. «Жинай алмасаң ше?», «Қайдам?» деген секілді психологиялық шабуыл жасаудың керегі жоқ. Қайта сенім арту абзал. Бұл жерде бар жауапкершілікті мектепке ысырып қоюға болмайды. Бала білімді болса жақсылығын ата-ана көреді. Әлия «Алтын белгісін» қорғады. Нұр-Сұлтандағы медициналық университетке оқуға қабылданды. Өзі армандаған дәрігер мамандығын меңгереді енді. Бұл сынаққа дайындықта ата-ананың қамқорлығы өте қажет. «Балам, саған сенеміз» дедік қызымызға. Ал, ол сенімді ақтады, – дейді үздіктер көшін бастаған перзентінің жетістігіне қуанған ана.Мұнан кейін №109 орта мектептің түлегі, «Сыр дарыны» медалінің иегері Назира Алмасованы сөзге тарттық.
– «Қармақшы таңы» газетінің тұрақты оқырманымын. Басылымды бала кезден оқимын. 9 сынып бітірген тұс. Жаз айы. ҰБТ нәтижесі шығып, ең жоғары балл жинаған түлектер суреттерімен аудан айнасының алғашқы бетіне жарқырап шықты. Олар біз секілді арманы көп іні-сіңлілеріне үлгі болды. Газетті үйдегі оқырмандармен таласатармаса ашып, олардың осы үздік нәтижеге қалай жеткенін білуге құмарттым. Таныстым да «мен де осылай газетке шығатын боламын», «менің де тәжірибеммен бөлісетін күнім келеді» деп алдыма үлкен мақсат қойдым. Сынақта қаншама жыл дайындалған оқушы жаңылып, 4 сағаттың ішінде аяғын шалыс басуы әбден мүмкін. Бұл баптың шабатын жері. Өзімді ең бірінші сабырлы, бірқалыпты ұстауға бейімдедім. Нәтижесінде 123 балл жинадым. ҰБТ тапсырған күн. Сағат 17.00-ді тағатсыздана күтіп отырмыз. Жеңгем ұялы телефонынан қайта-қайта менің ТЖК теріп, бір кезде нәтижесін көрсетті. 123 деген санды көргенде аяқ-қолым жансызданып, құлап түстім. Қуаныштан көзімнен еріксіз жас шығып, жақындарымның бәрін құшақтай бердім. Мен үшін бұл көрсеткіш 140 баллмен тең болды. ҰБТ-ға қызу дайындық 10 сыныптан бастау алды. Бала кезден журналист болсам деп армандайтынмын. Сол үшін түрлі әдеби кітаптарды көптеп оқыдым. Кітап оқығанымның пайдасы болар бір көргенді, оқығанды ойда тез сақтап қаламын. Алғашқы 5 сыныпта «Абай жолын» оқып бастадым. Кітап өте қызық болды. Бірде сөздеріне түсінем, бірде түсінбеймін. Бірақ сол кітап арқылы қазақ тілінің байлығына, көркемдігіне көз жеткіздім. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5 сыныптан бастап ұстазым Тұрсынай Берікбаева сабақ берді. Жоғары сыныпта түрлі байқау мен олимпиадаға жетектеп жүрген Бибігүл Әбдірасылованың жетістігі, тәжірибесінің мол, өмірден өз орнын тапқан шәкірттерінің көптігі маған мотивация болды. 11 сыныпта тарих пен математикаға кітап бойынша дайындалдым. Түрлі кітапшалар сатып алғанның пайдасы да жоқ емес, дегенмен барлық сұрақ негізінен 5 сыныптан басталатын өзіміздің оқулықтардан келеді. Сондықтан мен тек сол оқулықтармен дайындалдым. Бұл сынақта өзіңді-өзің алдауға болмайды. Телефон алып кіремін, біреуден сұраймын, тығырықтан шығар жол табам деп әурелену, ойлау, құр бекершілік. Тек біліміңе сенген жөн. Әдебиетке жақын болған соң математикадан шорқақтау едім. ҰБТ-ға 2 апта қалғанда қамшыны басып, үздіксіз дайындалғаннан болар математикадан 18 балл алдым. Қиын сабақтан қыркүйек-қазанда 7-8 балл алып жүрген мен үшін бұл ең жоғарғы көрсеткіш еді. Адамның аузынан шыққан сөз орындалады. Сол үшін армандай білу керек, арманды жиі айту да маңызды. Өйткені қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ең шекті балы 123 екен. Сол балға жеткізсем екен деп айта беретінмін. Бірақ дәл 123 жинайтынымды білген жоқпын. Сол үшін үнемі жақсы сөз айту керек. Әдебиетке деген сүйіспеншілігім соншалық, ата-аналар баласына кітап оқыта алмаса, менің анам кітап тастата алмайтын. Шаршайсың, демал, көзің ауырады деп ойымды басқа арнаға бұрып отырады. Өткен жылы облыс әкімінің қолынан «Сыр дарыны» медалын алдым. Биыл әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың «қазақ тілі мен әдебиеті» факультетіне оқуға түстім. Әр жылым жемісті болып, ауылдың, ауданның, облыстың атын республикаға танытқым келеді. Осындай жетістікке жеткізген ата-анама, ұстаздарыма, №109 мектеп ұжымына алғысым шексіз. ҰБТға дайындықты бастаған іні-сіңлілерім! Сәттілікті серік етіп, өз-өздеріңе сенімді болыңдар, – дейді болашақ филолог.

Түйін:
Шындығында оқушы бұл сынақта бабына сенуі керек пе, әлде бағына ма? Бабы емес, телефон мен шпор пайдаланып бағы жанып оқуға түсіп кетсе, оның қандай маман болып шығарына кепілдік жоқ. Сондықтан білім сынағында тек бап шабуы тиіс.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА