» » Асқақ абырой, биік шың

Асқақ абырой, биік шың

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деген К.Ушинскийдің осынау сөзінің түпкі мағынасына үңілсек, расыменде ұстаздар қауымының жасаған еңбегі қарапайым болып көрінетіні хақ. Алайда, нағыз білім майталмандары бас қосып, бір мақсат, бір мүдде үшін еңбек еткенде ұлы істің басында ұлы тұлғалардың жүргенін байқайсың.
Төретам кентіндегі №80 мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім додасында топ жарып, ҰБТ нәтижесі бойынша үздік І орынға шықты.
80 жылдан астам тарихы бар құтты шаңырақта қоғам талабына сай білім деңгейі жоғары, ана тілі мен ұлттық мәртебені көтеруге алдыңғы сапта тұратын, тарихты жетік меңгерген, мәдениет пен кәсіби біліктілігі дамыған ұстаздар қауымы еңбек етеді. Сондай білімді, сауатты педагог маманмен кездесіп, кәсіби шеберлігі туралы сыр шерту, оқушыларын мақтан тұтып, әріптестерінің жетістігін балаша қуанып жеткізуге асыққан Жұмабаева Индира апаймен тілдесу біз үшін үлкен мәртебе болды. Себебі, қызметте жетістікке жеткен жанның жанында бір сәт отырудың өзі адамның даму көкжиегін кеңейтіп, шабыт сыйлайтыны рас қой.
И.Жұмабаева апай ҰБТ-дан топ жарған, үздік оқушылардың сынып жетекшісі. 24 жыл бойы білім беру саласында қызмет етіп, жоғары санаттағы педагог-зерттеуші. Балалары мен әріптестерінің жеткен жетістігіне қуанған апайдың қуанышында шек жоқ. «Балаларым мен әріптестерімнің күндіз-түні оқып, дайындықты үзбей жасаған еңбектері қайтты. Тіпті пандемия елімізде белең алған кезде де біз дайындықты үзген жоқпыз. Білімнің биігінен көріну үздіксіз еңбек пен аса жауапкершілікті талап етеді. Әрдайым бізге қолдау көрсетіп, үнемі сенім білдірген ең бірінші мектеп директоры – Берден Қалмаханов ағайымыз және оқу ісі жөніндегі орынбасары Клара Есқалиева апайымыз болды. Осы ұстаздарымыздың «Сендерге сенеміз! Дайындық!Үздіксіз дайындық!» деген сөздері бізге күш берді. Сыныпта барлығы 10 бала болса, соның 9-ы сынаққа қатысты. 4 оқушымның жинаған баллы 100-ден асты. Сыныбымнан екі «Алтын белгі», бір үздік аттестат иегері шықты. Олар Мерейім Бекмұратова – 123 балл, Рауан Қанатқызы –115 балл жинаса Гүлдана Еменова – 120 балл, Гүлсая Аралбек есімді қызым 100 балл алды. Қалған балаларым да 70-тен жоғары балл жинап еңбегімізді еселеп қайтарды. Орта есеппен – 95,3 проценті құрадық. Математика пәнінің мұғалімі Сәндігүл Төребаева, «Қазақстан тарихы» пәнінің мұғалімі Назым Баймаханова, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Күләй Алдажарова және Жанерке Алмағамбетова, физика пәнінің мұғалімі Сәуле Жұмабекова, орыс тілі пәнінің мұғалімі Қарлығыш Науанова, химия пәнінің мұғалімі Гүлсім Баймұратова. Осы әріптестірімнің арқасында барлығымызға артылған ортақ міндіт сәтті орындалып, бірігіп көтерген жүгіміз жеңіл болды. Жаңа оқу жылы басталысымен-ақ дайындық күшейе түсті. Ата-аналар тарапынан да көп қолдау көрдік. Олар балаларды сабақтан өзге тірлікке араластырмай, барынша ден қойып дайындалуларына мүмкіндік жасады. Сонымен қатар ол барлығымыздың арман-мақсатымыз бір болғандықтан бір жүйеде жұмыс жасауға тырыстық.Ендігі тілегіміз оқушыларымыз өздері ойға алған ЖОО-на түсіп, білікті маман болып, туған жерге адалынан қызмет етсе деген тілегіміз бар деп ризашылығын барлық әріптестері мен оқушыларына және ата-аналарына жаудырды.
«Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі» деген Абай атамыздың дана сөзі ойға оралады. Жұмысқа мейіріммен қарады. Ынтамен жасады. Білім де, жетістікте бұл кісілерді құралақан қалдырмады. Асқақ абырой, биік шың сыйлады.
Гүлжан САРТАЙҚЫЗЫ
Төретам кенті
31 шілде 2020 ж. 967 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031