» » Еңбектенген ердің еңсесі биік

Еңбектенген ердің еңсесі биік


Саналы ғұмырында адал жолмен мал табу, қоғамға, Отанға адал қызмет ету – адам баласына Алланың жүктеген міндетінің бірі. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен тер төкпестен, түрлі қулық-сұмдықпен келген дүниенің қайырлы болмасы белгілі. Негізінде, кімде-кім бала-шағасын, отбасын адал жолмен асырау үшін шынайы еңбек етсе ғана оның ырысы артып, мерейі тасымақ. Иә, маңдай тер, адал еңбекпен келген наннан артығы жоқ. Бүгінгі әңгіме адал еңбегі арқылы абырой биігіне көтерілген ақтөбелік Қайрат Байбосынов туралы болмақ.
Қайрат Тұрарұлы «Ақтөбе и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бесаспап қызметкері. Неге дерсіз? Ол жазда экскаватор рөліне отырса, күзде комбайнер жүргізді, ал қыста зауыт ішінде жұмыс істейді. Қандай жұмыс атқарса да, бар ынта-ықыласымен істейтінін шаруашылық басшысы Нұрлан Іздібаев сөз еткен.
– Қайрат біздің шаруашылықта 5 жылдан бері табысты қызмет атқарып келеді. Қандай жұмыс тапсырсаң да уақытылы, тиянақты орындайды. Ұжым арасында беделді. Бойына сіңген қарапайымдылығы мен елгезектігі, еңбекқорлығы тағы бар. Асыл қасиеттерді бойына жинаған ол жас та болса өзінің ісі арқылы адал еңбектің үлгісін көрсетуде, – дейді білікті басшы.
Ауылдағы №109 мектептен түлеп ұшқан ол білімін «Қазақ гуманитарлық және техникалық колледжінде» жалғастырады. Колледжді тәмамдаған соң туған ауылға келіп еңбек етуді жөн көрген.
– Ер азамат болған соң жұмыс істеп отбасыңды асырау – міндет. Қандай жұмыс істесең де адалымен, абыроймен іс атқару қажет. Себебі, ата-анамыз адал астың қадірін ұғындырып, тазалықты, қамқорлықты, мейірімділікті бойымызға сіңірді. Мендегі ендігі мақсат – өз балаларымды еңбекқор, заманға сай бір-бір маман иесі етіп шығару. Ата-анама, бауырларыма, отбасыма қамқорлық жасау, еліме адал қызмет ету, – дейді ағынан жарылған кейіпкеріміз.
Иә, Қайрат бүгінде екі тізгін ұстар мен бір кестетігердің әкесі. Отбасын алдыңғы қатарға қоятын оның жұмыста жеткен жетістігі жетерлік. 2018 жылы егін жинау қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіші үшін ІІ дәрежелі, 2019 жылы І дәрежелі озат комбайнер атанды. Сондай-ақ іскерлігі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған.
Дала ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлының:
–Таза еңбекпен тағдырын пайдаланса,
Адамды сонда адам деген мақұл, – деп жырлағанындай адалдығы мен адамдығы басым кейіпкерімізді әлі талай биіктен көретінімізге сенім мол.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
18 шілде 2020 ж. 1 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031