» » Қармақшы халқы да талай жақсы-жайсаңынан айырылды

Қармақшы халқы да талай жақсы-жайсаңынан айырылды


Дүниедегі тіршілік атаулының ғұмыры Жаратушының әу баста тағдырға жазған мөлшерімен өлшенеді. Ешкім де сол межеден не артық, не кем өмір сүре алмайды. Пенде өзіне бұйырған несібесіне қол жеткізіп, дәм-тұзы таусылған соң пәни өмірмен қош айтысып, мәңгілік өмір сапарына аттанады. Себебі өмірді де, өлімді де жаратушы – бір Алла. Әрбір кеудесінде жаны бар тіршілік иесінің өліммен бетпе бет келері анық. Құранда ажалдың уақыты да Алланың иләһи ілімімен белгіленіп қойғандығы жөнінде айтылады: «Біз араларыңда өлімді белгіледік. Бізден ешкім оза алмайды» (56.Уақиға сүресі, 60-аят).
Алла әрбір пендеге тек өзіне тән өмір өлшемін нәсіп еткендіктен, кімнің қанша уақыт ғұмыр кешетіндігі біз үшін беймәлім. Ол әрине, бір Аллаға аян. Кейде пенденің денсаулығына, жас-кәрілігіне қарап, «пәленшенің денсаулығы мықты екен, ал түгеншенің ғұмыры санаулы, тіпті ауру меңдеп алыпты ғой өзін» деп, соған байланысты біреудің өмірінің ұзақтығы мен қысқалығы тұрғысында тон пішетін кездеріміз де болады. Ал тіршілікте бәрі де біз ойлағандай бола бермесі белгілі. Демек, ажал күтпеген сәтте келері анық, өлімнің ерте-кеші, жасы не кәрісі болмайды. Алайда біреулер өмірден ерте кетеді, енді біреулер ұзақ жасайды, ал кейбіреулер мына дүниенің есігін ашпай жатып, жан тапсырады.
Бірнеше айдан бері әлемді әбігерге салған індетпен күресіп келеміз. Дерт дендеп, пәни жалғанды артқа тастап жатқандардың да саны артуда. Біздің Қармақшы халқы да талай жақсы-жайсаңы мен арысынан айырылып, күңіренуде. Қимасынан айырылған әрбір отбасыға сабыр тілеймін. Марқұмдардың жаны жәннаттық болсын!


Жақсыбек қажы ӘБИЕВ,
«Қармақшы ата» мешітінің бас имамы
13 шілде 2020 ж. 874 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031