» » О дүниеде болып қайтқандар

О дүниеде болып қайтқандар

Әрбір саналы пенденің ойында болатын сауал – о дүние бар ма? Әр заманның ғұламалары өлімнен кейінгі өмір жайлы сан аулан пікір айтқан. Бірі мына өмір жалған, нағыз шынайы өмір өлімнен кейін басталады десе, енді бірі өлген соң бәрі өшеді деп пайымдаған. Расымен де, о дүние бар ма? Болса, қандай?
О дүниені көргендер
О дүниеге барып қайтқан адам жоқ. Десе де клиникалық өлім кезінде адам о дүниеге сапар шегеді екен. Бұған бірқатар мысалдар келтіруге болады.
Клиникалық өлім жайлы сөз еткенде американдық дәрігер, реаниматор Реймонд Мудидің «Өлімнен кейінгі өмір» деп аталатын ғылыми танымдық зерттеу еңбегіне тоқтала кетуге болады. Бұл кітаптағы оқиғалар клиникалық өлімді басынан өткерген адамдардың өз ауыздарынан жазып алған. Дәрігер- ғалымның пайымдауынша, адамның физикалық денесі әлсіреп, шегіне жеткен кезде оның тіршілігі тоқтайды, яғни клиникалық өлім сәті болады. Алайда өлдіге саналған адам айналасында болып жатқан жағдайдың бәрін көріп, естіп жатады екен. Өйткені мұндай кезде «жан» тәнінен бөлініп, шығып кетіп, сырттан бақылап тұратын көрінеді. «Баса айта кететін жәйт, клиникалық өлім сәтінде «өлген адам» дәрігерлердің жасап жатқан әрекеттерін айна қатесіз көре алады. Олардың бәріне ортақ тағы бір ерекшелік – тәннен бөлініп шыққан жанның у-шу мен зыңылдаған тынымсыз қатты дыбыстарды ести алатындықтары және өте үлкен жылдамдықпен ұзын қара туннель ішінде жылжитындықтары», — деп жазады Реймонд Муди. Оның өзі де клиникалық өлімді басынан өткізген.
Мұндай құбылыстың болатынын Пима Ван Ломмель бастаған голландиялық ғалымдар да растайды. Осындай жағдайларды зерттеген ғалымдар клиникалық өлімді бастан өткізген адаммен және сол жағдайға куә болған дәрігерлермен сөйлесу арқылы көз жеткізген. Бірде ауруханаға комада жатқан науқас түседі. Жасанды жолмен тыныс алдыру, жүрекке массаж жасау еш нәтиже бермейді. Амалы таусылған дәрігерлер науқастың көмейіне арнайы түтікше жүгіртіп демалдырмақ болады. Түтікше салуға кедергі жасаған соң, науқастың аузындағы тіс протезін алып тастайды. Апта өткенде науқас есін жиып, жасанды тістерін орнына салуды өтінеді. Бірақ дәрігерлер тіс протезін қайда қойғандарын естеріне түсіре алмайды. Ал емделуші тістің қайда тұрғанын дәл айтқан. Сондай-ақ, ол дәрігерлердің іс-әрекеттерін сырттай бақылап тұрғанын жеткізіп және олардың қандай іс-қимылдар жасағанын бұлжытпай айтып берген. Тіпті ол клиникалық өлім кезінде дәрігерлерге өзінің тірі екенін айтпақшы болған да екен.
Қазақтың «адам өлген соң шыбын жаны ұшпп кетеді» деген сөзі де осыған дәлел боларлықтай.
О дүниеде қайда, қалай өмір сүреміз?
Алладан адамға жіберілген төрт кітап – Таурат, Інжіл, Зәбур және Құранда бұл дүниедегі іс-әрекеттерімізге байланысты о дүниеде қайда мекендейтініміз қалай тіршілік ететініміз нақты жазылған. Бұл дүниедегі өмір о дүниедегі мәңгілік өмірге дайындық қана. Пенделердің о дүниедегі мекені жәннат және тозақ болып екіге бөлінеді. Ол жайлы Құранда былай дейді: «Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс жасағандар, міне солар жаратылғандардың жақсысы. Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары, астарынан өзендер ағатын Ғадын жәннәттары. Олар онда мәңгі қалады. Аллаһ олардан разы, олар Аллаһтан разы. Осы сыйлық Раббысынан қорыққан кісі үшін». Ал тозақ жайлы: «Расында, Аллаһ кәпірлерге лағнет етті. Және оларға жалындаған тозақ әзірледі. Олар онда мәңгі қалады. Не дос, не көмекші таба алмайды. Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: «Әттең! Бізге не болды? Аллаһқа бой ұсынып, пайғамбарына көнген болсақ еді» – деді»
О дүние жайлы ғылым не дейді?
Қай заманда да, кезеңнің ғұламалары өмір мен өлім жайлы артына сөз қалдырған. Ежелгі Рим философы Луций Анней Сенека «Құдайлардың әрқайсысы біздің өмірімізді алуды біледі, алайда өлімнен ешқайсысы құтқара алмайды» деген екен. Тағы бір сөзінде «Өлім әркімге келеді, бұл заңдылық емес жаза» депті. Қытай ойшылы Конфуций «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімді білу мүмкін бе?» деп ой тастайды. Неміс ойшылы Иоганн Вольфганг Гете болса «Кім де кім болашақ өмірге сенбейтін болса, ол бұл өмірде де өлікпен тең» деген пікір білдіреді. Голландиялық философ Бенедикт Спиноза да мәңгілік өмірге сенгендей: «Біз өзіміздің мәңгілік өлмейтінімізді сеземіз және білеміз» дейді.
Ал қазіргі ғалымдар да бұл төңіректе зерттеулер жасап жүрген көрінеді. Бұл мәселемен айналысқан ресейлік ғалымдар арнай қондырғының көмегімен қабірстаннан белгісіз сигналдардың шығатынын анықтаған. Алайда сигналдың шифры беймәлім.
Ал, сіз о дүниенің барына сенесіз бе? Ол жайлы не айта аласыз?

Ақпарат көзі: alashainasy.kz/

07 тамыз 2018 ж. 3 516 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031