» » Жанашырлығыңызбен жеңіп шығыңыз

Жанашырлығыңызбен жеңіп шығыңыз

Дүниенің төрт бұрышын жайлаған вирустің дес берер түрі көрінбейді. Оның ішінде той-томалақ пен қазаны қалт жібермейтін қазақ халқы үшін тіпті қиын десек, асыра айтпағандық болар. Аузынан от шашқан аждаһаның көзге көрінбей-ақ өз шаруасын тындырып жатқанын науқастарға толы аурухана мен күнделікті түрлі жағдайда құлағымызға келіп жатқан қайғылы қазалар бұған аз дәлел емес. Дегенмен, таяқтың екі ұшы болатыны секілді бұл жаман індетке қарсы күрес шараларын  бұрынғыдан да күшейтіп, насихаттық жұмыстарының жүйеленуіне тікелей жол ашуда.
Вирустың аса қауіпті дерт екенін ескерсек, оны көбінесе адамдар көпшілік басқосуларында жұқтырып алады. Сол себептен де қазіргі ахуалға орай той жасау мен қайтқан кісінің жетілігін, бейшенбілігін, басқа да рәсімін беруді тоқтату қажеттілігі туындауда. Бұл жөнінде сенбі күні індетке қарсы сақтық шарасы сақтала отырып, аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Мұса Қалдарбековтың сөзі уәлі, аузы дуалы ардагерлермен өткен кездесуінде кеңінен сөз болды.
Онда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, ішкі істер саласының ардагері Есет Назарқұлов өз ұсыныс-пікірлерімен бөліссе, "Қармақшы ата" мешітінің бас имамы Жақсыбек Әбенов,аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Төлепбергенова, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Еркебұлан Әбдікеров атқарып жатқан жұмыстарына  тоқталды.  
Түптеп келгенде, денсаулық – әркімнің өз басы мен оның отбасына керек. Осындай ел басына түскен сынақ мерзімде жақыныңызға жанашыр болып қана аждаһаны жеңе аласыз. Осыны ұмытпасақ екен. Әйтпесе, істің бәрі бос!

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ    
08 шілде 2020 ж. 747 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031