» » Алтынша Кенжеева: "Құптарлық қадам"

Алтынша Кенжеева: "Құптарлық қадам"

Қазіргі еліміздегі ахуалға байланысты ақпарат құралдарынан көптеген мәлімет алып отырамыз. Бұл үйреншікті дүниеге айналды. Өйткені қоғамда белең алған індеттің алдын алу мен онымен пәрменді күресте үлес қосу – тек құзырлы орын өкілдері ғана емес, еліне жаны ашып, туған жерін қастерлейтін әрбір қазақстандықтың парасатты борышы болмақ.
Осындай себеппен басылым сайтынан Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №10 қаулысына көзім түсті. Аймақ халқы үшін маңызды саналатын аталған құжатқа тағы да біршама өзгерістер енгізіліп, карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылданыпты.
Бұл өте құптарлық қадам. Көзге көрінбейтін кеселдің елімізде әлі күші қайтып, беті бері қараған жоқ. Сол себептен де мұндай күшейтілген шараның облыс тұрғындарына тек қана пайдасы тимек. Соның ішінде құлаққа естірге оғаштау көрінгенімен коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 науқас тіркелген жағдайда ауылдық елді мекеннің қоршалатыны айтылған. Бұған толық қосылуға болады. Аса қауіпті инфекция «әккі, қу түлкі» тәрізді. Көзге көрінбей-ақ өз шаруасын тындырып, жолына кезіккенді аямай сұлатып түсіреді. Вирус жұқтырған 1 адамның жүздеген, тіпті мыңдаған адамға зияны тиіп жатқаны аз айтылып жатқан жоқ.
Сақтық жасамасақ, сан соғарымыз анық. Бас санитар дәрігер қаулы шығарған екен. Енді соны қалтқысыз орындап, үйімізден табылайық. Тәртіпке бағынбағанның тағдырынан тәлім алып, өзіміздің ұрпағымыздың, ұлтымыздың өмірін ойлайық.
Алтынша КЕНЖЕЕВА,
№183 орта мектептің директоры
18 сәуір 2020 ж. 1 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031