» » Шегебай Құндақбаев: «Дәрігерді тыңдасақ, дертті тез еңсереміз»

Шегебай Құндақбаев: «Дәрігерді тыңдасақ, дертті тез еңсереміз»



Қазақта «Әрбір істің қайырын берсін» деген ертеден қалыптасқан қағида бар. Осы бір пәлсапа біздің ел басына күн туып, алапат дерттің бетін қайтаруға деген күш-жігерімізді рухани демеп, намысымызды жанығандай. Аурудың мысқылдап кіріп, дендеп шығатыны бұрыннан белгілі. Дүниенің төрт бұрышын құрсауына алып қаһарын төккен коронавирус инфекциясы талай менмін деген мемлекеттің сағын сындырып, тырнағын батыруда. Қорқыныштысы сол – індетке қарсы екпе табылмай, әлемнің еңсесін түсіруде. Одан Қазақстан да қашып құтыла алмады. Десе де, Мемлекет басшысының қатерлі індетті алдын алу мен оған қарсы кешенді күресте біліктілік танытуының арқасында аты өшкір аурудың жаппай тарауына жол берілмеді. Соның бір айғағы – санитар дәрігерлердің дер кезінде шешім шығарып, шара қабылдауы.
Осындай шешуші кезеңде мемлекетіміздің әрбір азаматы санитарлық талап пен тәртіпті дұрыс сақтап, жөнді қабылдай білсе, елдің сабырын сынаққа салған вирустың да іргесі сөгіліп, онымен мәңгіге қоштасарымыз анық. Аймақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №10 қаулысымен облыстағы азық-түлік және азық-түлік емес сауда базарлары жұмысының осы жылдың 20-сәуірінен бастап тоқтатылатынын қолдаймыз. Бәлки бұл ыңғайсыз естілер. Дегенмен мұндай адам шоғыры көп жиналатын қоғамдық орында әлемді әбіржіткен әбжыланның тез тарап, дендеп кетуін ешкім де қаламаған болар еді.
Денсаулық әркімнің өзіне керек. Медицина қызметкерлері қаншалықты дерттің үкімі – өліммен өлшенетінін ескертіп жатса да, адамдар оған соншалықты мән беріп жатпағандай. Тіпті кейде кейбір отандасымыздың «вирус – ол өтірік» деген сауатсыздықпен айтылған пікірін де құлағымыз шалып қалуда. Оларға айтарым – коронавирустық инфекция ойнайтын нәрсе емес. Мамандар тарапынан қойылған талаптарды толығымен орындап, айтқанын істесек, яғни бірлігімізді көрсете білсек, біз еңсермес қиыншылық болмайды.
Шегебай ҚҰНДАҚБАЕВ,
«Ұлт бірлігі – Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
18 сәуір 2020 ж. 802 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728