» » Түйе палуанға тарту жасады

Түйе палуанға тарту жасады

Қазақта «жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас» деген тәмсіл бар. Біз сөз етпек жандардың жомарттығына естіген ел-жұрт бағасын берген. Сыр өңірінің түйе палуаны – Шәми Өтегеновке өнеріне бас иетін аға-інілері еш себепсіз ерекше тарту жасап, автокөлік сыйлады. «Қуанышты бөліссең көбейеді» деген. Тосыннан келген сыйлық кімді болса да таңқалдырары сөзсіз. Палуан көңілдегі қуанышын бізбен бөліскен-ді.
– Қонақтан шығып, үйге келсем, есік алдында топырлап жиырма отыздай жігіттер жүр. Сөйтсем өзімнің құрдастарым, інілерім мен шәкірттерім екен. Анадай көлеңкеде ақ жигули тұр. Ойымда ештеңе жоқ. Содан «Шәке, бұдан кейін жаяу жүрмейсіз» деп көліктің кілтін ұстатты. Соңғы кезде ауырыңқырап жүрген едім. Күтпеген жерден көлікті болып, көңілімді көтерілді, – дейді ол.
 Шәми ағамыздың жігіттерге айтар алғысы шексіз. Ол қатарластары Максим, Хамит, інілері Қазыбек, Арыстан, Қайрат, Мұрат, Қалдыбек және басқа да шәкірттеріне ризашылығын білдіруде. Бұған дейін де жаны жомарт жігіттер қайырымды іс жасап, үйсіз жүрген отбасыға баспана кілтін табыс еткен еді. Енді міне түйе палуанға тарту жасады.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
 
   
30 маусым 2020 ж. 1 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930