» » "Сыр барысы" сенімді ақтады (фоторепортаж)

"Сыр барысы" сенімді ақтады (фоторепортаж)

    ЖОСАЛЫ, 24 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Сол күні қазақ елі жерлестері үшін тақым қысты. Жартылай финалда қос қазақ палуаны белдесуде. Бұл – «Әлем барысы». Ақтық сайыста отандасына жол берген сыр саңлағы, енді қола жүлде үшін өзбек палуаны мен боз кілемде тартысты. Қалың көрерменнің қолдауында шек жоқ. Сын сайыстың соңғы секунтында қарсыласының жауырынын жер иіскеткен жерлесіміз дүйім жұрттың қуанышын бір сәтте көкке көтерді. Сонымен қола белбеу иегері «Сыр барысы» – Мақсат Исағабылов. Бұл күні қармақшылықтардың қуанышында шек болмады. Сыр елі болып Мақсаттың тілеуін тілегеннің арманы орындалды.
    Айта кетейік кешегі өткен «Әлем барысына» шет мемлекеттен елуге жуық палуан қатысты. Бүгінде шет елде қазақ күресінің федерациясы жұмыс істеуде. Нәтижесінде Өзбекстан, Монғолия, Грузия, Тәжікстан палуандары алдыңғы саптан көрінуде. Мақсаттың газетке берген бір сұхбатында ол «Әлем барысына» қатысатынын екі күн қалғанда естіген. Осыған дейін қатысушылар тізімінде болмаған. Алайда ел намысын қорғайтын төрт палуанның бірі аяқ асты сырқаттанып, ұлттық құраманың бас бапкерлері ойласа келе жерлесіміз Мақсатқа үлкен сенім артып аламанға қосады. Осылайша ел үмітін арқалаған жас палуан ақтық сында өзбек палуаны Мухсин Хиссамиддиновпен белдесіп, өз күшін дәлелдеді.
    Бүгінде Сыр елінің мерейін көтерген палуандар қашанда құрметке лайық. Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков туған жердің үкілі үмітін арқалаған «Әлем барысы» Мақсат Исағабыловты қабылдап, құрмет көрсетті. Жиында қола белбеу иесін құттықтап алғыс хат пен бес жүз мың теңгенің сертификатын табыстап, лебізін жеткізді.
   – Мақсаттың бұл жеңісі қармақшылықтар үшін зор қуаныш. Сонымен қатар келер жас спортшыларға үлгі. Спорт саласында жеңісің арта берсін, ел абыройын асқақтатып, биік белестерден көріне бер, – деді аудан басшысы.
Жиынға қатысқан аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы, аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов және «Достық Жер МК», «Абай Дәулет» шаруашылық серіктестігінің басшысы Мұрат Сәрсенбаев жас палуанға ағалық тілектерін айтты.
    Сөз соңында Сыр палуаны алдағы өтетін үлкен додаларда ел сенімін ақтап, «Әлем барысында» алтын белбеуді аламын деген сенімін білдірді.
    Қазіргі таңда Мақсат Аманбайұлы Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің қазақ күресі бөлімінде жаттығуда. Бапкері – Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Әділбек Серікбаев пен Болат Кенеев.


Ерсін СӘДУҰЛЫ
24 ақпан 2020 ж. 1 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 071

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031