» » Онлайн сот – оңтайлы жүйе

Онлайн сот – оңтайлы жүйе

Төтенше жағдай режимін енгізу қай елге болсын оңайға тиген жоқ. Карантиндік шектеу – халықтың қалыпты өмір ырғағын бұзды, ертеңгі күнге деген алаңдаушылығын туғызды. Тіпті экономикаға, елдің әлеуметтік ахуалына тигізген залалы да орасан. Бірақ, осындай сын сәтте мемлекеттің экономикалық дамуды емес, адамдардың амандығын басты орынға қойғаны халықтың сенімін бекіте түсті. Шындығында елдегі барлық шара халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның назарын үнемі азаматтарға қажетті мәселелерге аударып келді. Карантиндік шараларда азаматтар құқығының бұзылуына жол бермеу жіті бақылауда ұсталды. Осыған орай елдің Жоғарғы Соты да жұмыс тәртібін оңтайландырып, істің уақытында, әрі сапалы қаралуына бар мүмкіндікті жасады.
Елде төтенше жағдай жарияланған кезеңде сот саласы өз қызметін тоқтатпай, азаматтардың құқықтар мен бостандықтарын қорғау жолында онлайн режимінде жұмысын жалғастырды. Істердің барлығы «TureConf», «WhatsApp», «Zoom» сияқты мобильді қосымшалардың көмегімен қаралды. Осы орайда атап өтер жайт, осыдан бірнеше жыл бұрын сот саласының цифрлы жүйеге өтіп, заманауи озық технологияларға көшуі, бүгінгі күні сот отырысының онлайн өтуіне үлкен қиындық туғызған жоқ. Дегенмен, арыз-шағымның қалай қаралатынына алаңдаған жұртшылықтың қояр сауалы да аз емес. Соған орай Жоғарғы Сот төтенше жағдай енгізілуіне байланысты сот тәжірибесінде туындайтын кейбір сұрақтарға жауап беретін түсіндірме әзірледі. Жалпы сот отырысында бекітілген бұл түсіндірме – карантин режиміне байланысты сот практикасының жекелеген мәселелері бойынша құқықтық кеңес беруді мақсат етеді.
Төтенше жағдай кезіндегі шектеулер барлық салаға әсер етпей қоймады. Карантин талаптарын сақтап, тәртіпке бағынғанда ғана қатерлі індеттің таралуына жол берілмейтінін жұрт жақсы түсінді. Бірақ, өмір тоқтап қалған жоқ, уақыт зымырап жатыр. Тіршілік еткен жанның бәрі өз мәселесінің оң шешілгенін қалайды, мүддесінің тапталмайтынынан үмітті. Ал бүгінгі сын сағатта қылмыстық істер қалай қаралды? Онлайн қаралған қылмыстық істер талапқа сай ма? Істің таразылануын күтіп жатқан азаматтардың жағдайы қалай болмақ? Үкім шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторында жатқан уақыттары қалай есептелмек? Міне, бұл бүгінгінің жиі қойылатын сауалдары. Сондықтан жоғарғы сот әзірлеген түсіндірмеде бұл сұрақтарға жан-жақты жауап ізделгені құптарлық.
Мәселен заң жүзінде айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 359-бабының 2-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған адам, егер еңсерілмейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға келмейтін мән-жайлардың, дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және тағы басқа жағдайлар салдарынан тиісінше орындауға мүмкіндік болмағандығын дәлелдей алмаса, мүліктік тұрғыда жауапты болады. Яғни, төтенше жағдай енгізу шеңберінде қабылданған шаралар мен тек уақытша шектеулерге қатысты міндеттемелерді орындамау мүліктік жауаптылыққа әкеп соқпайды. Азаматтық заңнамаға сәйкес, залалдарды өтеу, тұрақсыздық айыбын, айыппұл, өсімпұл өндіру мүліктік жауаптылыққа жатады. Азаматтық Кодекстің 8-бабы 4-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ал кәсіпкерлер – бұған қоса іскерлік әдеп ережелерін сақтауы тиіс.
Шартпен бұл міндетті алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адал, парасатты және әділ әрекет жасауы талап етіледі. Заңнамаға сәйкес, бірқатар салаларда дауды сотқа дейін және соттан тыс реттеудің міндетті тәртібі талап белгіленген. Егер міндеттеме бұзылса немесе оны еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан мүмкін болмаса, онда шарт тараптарының міндеттемелері төтенше жағдай кезеңінде көрсетілген бөлікте өзгертілген, ұзартылған деп есептеуге болады. Еңсерілмейтін күш салдары қабылданбаған кезде тараптардың бірі іс жүзінде шартты орындаудан және одан туындайтын құқықтық салдардан бас тартады. Тараптардың бірі шартты біржақты орындаудан бас тартқан жағдайда, бұл туралы екінші тарапқа бір айдан кешіктірмей ескертуі тиіс.
Одан бөлек, Азаматтық Кодекстің 182-бабы 1-тармағы 1- тармақшасына сәйкес, төтенше жағдай енгізу талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұрады.
Төтенше жағдай кезінде іс жүргізуді тоқтата тұру кезінде сотталушыны бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау уақыты оны күзетпен ұстаудың жалпы мерзіміне есептеледі.
Осыған байланысты, соттар онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша сотталушының күзетпен ұстау мерзімі іс сотқа келіп түскен күннен бастап және үкім шығарылғанға дейін алты айдан аспауы тиіс деген Қылмыстық Процестік Кодекстің 342-бабының талаптарын қатаң сақтауы тиіс.
«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеуге байланысты нормативтік құқықтық актілер заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде күшін жояды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 809-бабына сәйкес, Кодекстің 741-ші және 742-баптарында көзделген мән-жайлардың ең болмағанда біреуі болған кезде, іс жүргізіліп жатқан лауазымды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарады. Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін іс жүргізу басталған, бірақ процестік шешім қабылданбаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді оны жүргізіп отырған лауазымды тұлғалар немесе сот тоқтатуы тиіс.
Жоғарыдағы сұрақ бойынша онлайн сот жүйесінің шешімі осылай көрсетілді. Уақытты, қаражатты барынша үнемдейтін бұл әдістің карантин кезінде маңыздылығы осылайша артты.

Дархан КЕНТБАЕВ,
аудандық сот төрағасы



23 маусым 2020 ж. 778 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031