» » Жомарт жүректі азамат

Жомарт жүректі азамат

«Қолы ашық жанның, жолы да ашық» дейді емес пе? Барыңмен бөліссең, Алла оны еселейтіні хақ. Біз материалдық жағынан қолдау керек кезде көмек қолын созатын, жан қиналғанда демеу сөзін аямайтын қайырымы мол халықтың ұрпағымыз. Осы қанға сіңген қасиетті бүгінде кездестіре алмаймыз деп жатады. Алайда ортамызда жаны жылулыққа, жүрегі жомарттыққа толы жанның қатары аз емес. Солардың бірі – төретамдық жеке кәсіпкері Әкімжан Қазиев.

Ол қай кезде де қайырымдылық жасаудан кенде емес. Біз тек бір парасына тоқталсақ. Жақында Төретам кентіндегі «Гаухартас» бөбекжай-бақшасының басшысы Ж.Бозимова бір топ кәсіпкерге демеушілік жасауға өтініш білдіреді. Балалардың қауіпсіздігі үшін жасалған өтінішке немқұрайлы қарамай кәсіпкер Әкімжан Жұмажанұлы өз қаражатына ойын алаңындағы сәкіге жөндеу жұмысын жүргізіп берген. Яғни, ойын алаңдарында орналасқан сәкіні қауіпсіздік ережесіне сай күннен және желден қорғайтын қоршаулармен қамтамасыз етті. Өмірдің жарқын жолының алғашқы қадамы балабақшадан басталатын бөбектер үшін бұл үлкен сый.










Айта кетерлігі, №22 «Гаухартас» бөбекжай-бақшасы 2014 жылдан бастап жұмыс істеуде. Онда 280 бүлдіршін тәлім алса, 70 қызметкер еңбек етеді. Ұжым қызметкерлері бала болашағына алаң қылған ел ағасына дән риза. Сондай-ақ, олар Әкімжан Жұмажанұлының осы уақытқа дейін көпбалалы және тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардың төлемақысына да жәрдемдесетінін тілге тиек етті. Жаны жақсылыққа толы жанның жағымды істері бұл ғана емес. Қайырымды ісімен үлгі болып, ел игілігіне еңбек етіп жүрген Әкімжандай атпал азаматтар барда болашақ үшін алаңдауға негіз жоқ.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
16 маусым 2020 ж. 948 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031