» » Жайылымда жай қалай?

Жайылымда жай қалай?

СОНАУ БІР ЖЫЛДАРЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСІНДЕ ҚАЛҒАН ЖАЙСЫЗ ОҚИҒА ОРЫН АЛҒАН ЕДІ. АДАМ ҚАРАСЫ ШЫДАМАҒАН ҮСКІРІКТЕН МАЛ ДЕГЕНІҢНІҢ САНЫ ҚЫСҚАРДЫ. СОЛ КЕЗДІҢ ЫЗҒАРЛЫ ҚЫСЫ МЕН ЖЕМ-ШӨПТІҢ ЖЕТІСПЕУІ ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ҚЫРЫЛУЫНА ӘКЕП СОҚТЫ. ОСЫНДАЙ ЖАЙТТЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЕЛБАСЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЛАРЫНДА ТӨРТ ТҮЛІКТІ БАРЫНША ДАМЫТУҒА БАҒДАРЛАМАЛАР ҚАБЫЛДАП, ДАМУЫНА ДЕМ БЕРДІ. АЛАЙДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӨРКЕНДЕТУ ҮШІН НЕ ІСТЕМЕК КЕРЕК? ӘРИНЕ, АЛДЫМЕН ТӨРТ ТҮЛІК МАЛ КЕРЕК. МАЛ АЛҒАН СОҢ ЖАЙЫЛАТЫН ЖЕР КЕРЕК. АЛ БІЗДЕГІ ЖЕРДІҢ ЖАЙЫ ҚАНДАЙ?


«Отынды шапқанға жақтыр, малыңды тапқанға бақтыр» деген. Әрине ауылда тұрған соң, мал бағып, ата кәсіпті жалғағанға не жетсін?! Мінсең көлік, жесең ас төрт түлігің сай, жерің қолайлы, жайылымың шұрайлы болса малшыға да, кәсіпкерге де ештеңе кедергі болмайды. Десе де, соңғы кездері жайылымдық жердің жайы жиналған ортада талқыға түсіп жүр. Неге? Үкіметтен несие алып, мал басын көбейтемін дегендер бос жер таппай әлек. Аймақтың басым бөлігі егістік алқабы. Әрине, мал бағуға алыс жерлер бар. Бірақ 1-2 сағаттық жүріске төрт түліктің шамасы жетпейді. Шаршап қалады. Аудандағы жайылымдық жердің қазіргі ахуалын аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен білген болатынбыз.

Өңірде 228 613 гектар жайылымдық жер бар. 92 гектар жер деградацияға ұшыраған, яғни тозып, жарамсыз болып қалған. Бүгінде мал басына шаққанда орта есеппен 2-3 гектардан аспай отыр. Бізде осыған дейін арнайы заң болмады. Салдарынан қараусыз жерлер көбейді. Жері бар, малы жоқ, малы бар жері жоқ шаруалардың қарасы артты. Ал қабылданған заң аясында олқылықтың орны толтырылады. Төрт-түліктің 70 проценті ауыл маңына жақын жерде шоғырланған.

Тұңғыш Президент шалғайдағы жайылымдардың тиімді пайдаланылуына және инфрақұрылымның дамуына, шалғайдағы жайылымдардың суландыру жағына тапсырма берген болатын. Осы мақсатта 2014 жылдан бері құдықтар қазылып, тазалау жұмысы жүргізілді. Осылайша жайылымдық жерлер суландыру барысында нәтижесін берсе, мал қарасы артып, ауыл шаруашылығы алға басуы тиіс. Қазір елді мекен бойынша пайдалануға жарамды 200-ден астам құдық бар.

– 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8 бабының І тармақшасында ауданның жергілікті өкілі аудан әкімдігінің мәлімдеген қажеттілігін ескере отырып, Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы шешім қабылдайды делінген. Заңда 4 басты бағыт айқындалған. Олар жайылымдарды реттеу, ұйымдастыру, жоспарлау және басқару. Бұл алдымен халықты сапалы әрі арзан мал өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, әрі ет экспортының әлеуетін арттырады. Жеке қосалқы шаруашылықтарды және шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға, мал басын арттыруға, жем-шөп қорын дайындауға жағдай жасалады. Осыған орай, малды ауыл маңынан шалғайға отарлатып жаюды дамыту арқылы жайылым жерлерді кеңейту қажет, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары.

Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі, кент және ауылдық округтердегі елді мекен тұрғындары мен жеке шаруа қожалықтарында ауылшаруашылығы жануарларын кезекпен ауыл аймақтарына байланысты бірнеше бағытта арнайы бақташымен және МІҚ малдары иелерінің келісімі бойынша еркін жайылыммен өзара қадағаланып отыр. Әрі кент, ауылдық округтердегі ауылшаруашылығы жануарларын падамен бағуда айтарлықтай мәселе жоқ. Мал ұрлығы фактісі орын алмаған. Сонымен қатар, жерді мақсатты және мақсатсыз пайдаланып отырғандарды анықтайтын арнайы күрес жұмысы жүргізілмек.

Айта кеткен жөн, жерді мақсатсыз пайдаланып отырғандарды анықтаудың өз тәсілі бар. Алдымен кез келген қожалықтың жері болуы керек. Содан соң сол учаскеде салынған малшының үйі болуы шарт. Үшіншіден, төрт түлігіне арналған қора-жайы болуы тиіс. Сосын құдығы не жақын маңда өзен-көлден тартылған суландыру жүйесі болуы қажет. Егер мұндай шағын инфрақұрылымдық жағдай жасалмаған болса, ол жерді мақсатсыз пайдаланып отыр дегенге саяды.

Айтып айтпай не керек, аудан аграрлы өлке екенін ескерсек, жайылымдық жерге де баса назар аударған абзалырақ. Малшылар қауымы мәселе еткен жайылым күн тәртібінен түспесі анық.

Айнұр ӘЛИ
16 маусым 2020 ж. 967 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 081

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031