» » Санитарлық талап сақтала береді

Санитарлық талап сақтала береді

Covid-19 вирусына қарсы күреске жұмылдырылған адам саны көп. Тәртіп сақшылары, дәрігерлер мен санитарлар күндізтүні жұмыста болды. Бірі – блок-бекетті тәуліктеп күзетсе, енді бірі – науқастарға ем-дом жүргізді. Аймақтағы карантин талаптарының сақталуы да үздіксіз бақылауда ұсталды. Вирустың алдын-алуға елеулі үлес қосқан жандардың ішінде аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мекемесінің қызметкерлері бар.

Мәселен, биыл 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жарияланбастан олар өз жұмысын бастап кетті. Қауіпсіздік қызметкерлері жыл басынан-ақ қызу жұмысқа кірісіп, санитарлық шараларын бақылауға алды.
– Жыл басынан ауданымызға келген 397 азамат 14 күн бойы бақылауға алынды. Аудан әкімінің "Аудан аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық профилактикалық іс-шараларды үйлестіру мақсатында жұмысшы тобын құру туралы" өкіміне сәйкес жедел штаб отырысына қатыстым. Отырыста жасалынған хаттамаға сәйкес атқарылатын шараларға жауапты мамандар бекітілді. Жосалы кентінде 2 блок-бекетте, Ақай-Төретамда 2 бекет пен ауданның елді мекеніне 11 блок-бекет қойылды. Ол жерде біздің мамандар кіру-шығу жұмысын қадағалап, санитарлық режим талаптарының сақталуын бақылау үшін кезекшілікке шығарылды, – дейді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Төлепбергенова.
Сондай-ақ өңіріміздің бас санитары осы кезге дейін "Қармақшы ауданында карантиндік шараларды күшейту" туралы жалпы саны 7 қаулы шығарды. Індетті жұқтырған 7 науқас тіркелген кезде де мекеме қызметкерлері өз жұмысын істеді. Індет жұқтырғандармен 77 тікелей және 195 потенциалды қарым-қатынаста болған азаматтарды анықтап, қаулыға сәйкес стационарға жатқызып немесе қолхат алу арқылы үй карантиніне оқшаулады. Талдау кезінде оң нәтиже берген жағдайда науқас болған ошаққа індетке қарсы шаралар жүргізіліп, дезинфекция жасады.
Бүгінде тіркелген 7 науқастың 6-уы тиісті емнен соң жазылып шықса, біреуі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда. Провизорлық стационарға жатқызылған 108 науқастың 103-і бақылаудан алынып, карантинді стационарда болған 202 азаматтың 186-сы бақылаудан алынды. Ал үй карантинінде болғандар саны – 493 болса, оның 377-сі медициналық бақылаудан шығарылды. Міне, осы іс-шараларды жүзеге асыруға мекемедегі эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Ақбота Әбжаппарова тікелей қатысты.
Төтенше жағдай режимі кезінде кентте күндізгі және тұрақты рейд жұмысы жүргізіліп тұрды. Қадағалау барысында аудан орталығындағы 249 нысанның санитарлық режимді сақтауы бақыланып, залалсыздандыру мен жууға қажетті құралдардың жеткіліктігі қаралды. Бақылауға мекеме атынан "Санитарлық-гигиеналық және техникалық регламенттер бөлімінің" басшысы Күлназ Медеуова қатысты. Онымен қоса аудандық медициналық қызметкерлердің қатысуымен КВИ алгоритмдерімен танысу, сынамалар алу және ҚР бас санитарының қаулысымен таныстыру мақсатында 8 семинар өткізді. Жиынға қатысушылар мен аудан тұрғындарына 8500 үнпарақ пен 7800 жадынама таратылды.
Өңір басшысы өкімімен бекітілген жұмысшы топтың күндізгі рейд жұмыстарына басқарма мамандары қатысты. Сәуле Саймбетова, Әбдікәрім Машарапов, Рашид Созақбаев пен Айгерім Қалдыбекова кенттен шығар тұстағы блок-бекет пен Жалағаш – Жосалы тас жолының кірме тұсындағы бекетте кезекшілікте болып, кенттен шыққан әр көлік пен жолаушыға тексеру жүргізді. Нысандарды аралау барысында "Санитарлық-гигиеналық және техникалық регламенттер бөлімінің" жетекші маманы Әлия Смайлова санитарлық режимнің сақтауын, залалсыздандыруға арналған заттардың дұрыс қолданылуын түсіндірді.
Байқоңыр, Ақай мен Төретам елді мекендерінде де санитарлық профилактикалық іс-шаралар тұрақты бақылауда. Мекемедегі "Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің" жетекші маманы Перизат Қобылашқызы аталған өңірлердегі нысандардың санитарлық режимін сақтау, тазалық жұмыстарының тұрақты жүргізілуін назарына алды. Байқоңырдағы әкімшілік мекемеде Ресейлік мекемелер басшылары Төретам кенті мен Ақай ауылының әкімдері, бас дәрігерлердің қатысуымен жиналыс өтті. Жиын барысында Төтенше жағдай кезінде екі мемлекет бірігіп істелетін жұмыстар барысы талқыланды. Сонымен қатар бұл өңірлерде де індеттің алдын алу туралы 3 семинар сабағы өткізіліп, блок-бекетте кезекшілік атқарылды.
Қазіргі таңдағы аудандағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, тұрғындардың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мақсатында кезең бойынша белгілі сала мен мекемелер өз жұмысын жандандыруда. Алайда, олар жұмыс барысында санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтап, шектеулі уақытқа дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат берілген. Мекемелер мен нысандардың санитарлық-дезинфекциялық талаптың сақталуын түсіндіруге арнайы мобильді топ құрылды. Яғни, рейд жұмыстары әлі де өз жалғасын тауып, тазалық жүйесі тұрақты бақылауда болады.
– Елімізде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз, ауру жұқтыру жағдайлары әлі күнге дейін тіркелуде. Сол себептен басқарма тарапынан елде эпимдемиологиялық ахуал тұрақтанғанша санитарлық-эпидемиологиялық жұмыстар жалғасады. Сондықтан аудан тұрғындарын санитарлық-дезинфекциялық талапты сақтауын, жеке бас қауіпсіздігін естен шығармауға шақырамыз, – дейді басқарма басшысы Гүлнар Мәлікқызы.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ
02 маусым 2020 ж. 1 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031