» » Токио мен Сеулден 156 қазақстандық жеткізілді

Токио мен Сеулден 156 қазақстандық жеткізілді


Павлодар әуежайына Токио-Сеул-Павлодар рейсімен ұшып келген эвакуациялық борт ұшағы қонды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


ұшақ

Павлодар облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, ұшақтағы барлық жолаушы Қазақстан азаматы.
Санитарлық ведомствоның ақпараты бойынша, Токиодан ұшып шыққан азаматтар термометриядан өтіп, келген соң оларды обаға қарсы арнайы костюмдер киген эпидемиологтар, медицина қызметкерлері мен барлық қажетті қызметтердің қызметкерлері қарсы алды.
Шетелден келгендер іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес сауалнама мен термометриядан өтіп, оларға қорғау маскалары берілді. Багаж бен әуе кемесіне міндетті дезинфекциялық өңдеу жүргізілді.
Барлығынан COVID-19-ға талдау алынды, нәтиже алғанға дейін жолаушылар Павлодарда карантиндік госпиталде болады.
156 адамды тасымалдау үшін жеті автобус ұйымдастырылды.
"Коронавирус белгілері анықталған жағдайда пациенттерді инфекциялық госпитальға ауыстырады", - делінген санитарлық ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Соңғы мәліметтер бойынша, Павлодар облысында коронавирустың 155 жағдайы тіркелді.
14 мамыр 2020 ж. 716 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 796
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 498

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930