» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күннің талабы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күннің талабы


ЖОСАЛЫ, 20 мамыр – qarmaqshy-tany.kz Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар.


Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады.Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік болып табылады. Бұл ақпаратты жариялаған тұлға Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылады. Қажет болған жағдайда, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске ат салысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Құқық қорғау органында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер, жемқорлықпен күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған ақпарат беретін болса, құқық қорғау органының қызметкері тәртіп бойынша қызметінен босатылады немесе жемқорлықпен күрес жүргізетін органның ұсынуы бойынша сәйкес функцияларды орындаудан босату жолымен жауапқа тартылады. Жемқорлық заң бұзушылық фактілер болған жағдайда азаматтар мемлекетке 1424 тегін call-центр арқылы хабарлай алады. Жемқорлық заң бұзу фактілерін хабарлаған, немесе қандайда болмасын басқа әдіспен мемлекетке жемқорлықпен күресуге үлесін қосқан тұлғалар 30 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін мөлшерде материалды ынталандырылатын болады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында сот корпусы қол жеткізген жетістіктер аз емес.Соның ең бастысы, қазақстандықтардың сотқа жүгінуге деген сұраныстарының тұрақты түрде қарқын алып отырғанына қарамастан, сот төрелігін жүзеге асыруда құқық үстемдігін кәсіби лайықты деңгейде сақтауды қамтамасыз етіп, аудандық соттың судьялары мен сот қызметкерлерінің қызметіне қатысты азаматтар тарапынан түскен шағымдардың болмағаны, мемлекеттік қызметкерге лайықты адамгершілік болмысы мен моральдік-әдеп нормаларын сақтауы.
Қазіргі таңда «Төрелік» деп аталатын сот органдарының автоматтандырылған ақпараттық-талдамалық жаңа жүйесін құру жұмыстары аяқталып, орталықтандырылған архитектурадан тұратын бұл жүйе ақпараттық деректермен алмасуға жылдам қол жеткізуді, сенімділіктің жоғары деңгейін, статистикалық және талдамалық есептерді қалыптастыруда автоматтандырудың неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етуде.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру аясында сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған кешенді жоспардың, көзделген шаралардың іске асуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға соттарының өз үлестерін қосуына, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуға және оның кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік жағдайын құруға мүмкіндік береді.

Қармақшы аудандық
сотының бас маманы Бисенова Р.Ш.
20 мамыр 2020 ж. 1 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 081

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031