» » ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ


Сыбайлас жемқорлық ежелден қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналып келе жатқаны мәлім. Жемқорлық қандай мемлекет болмасын, оның саяси сипатын төмендетіп, қоғамның халық алдындағы беделін түсіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі. Қоғамның барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, оның зардабын жою және мүдделіні жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеті.
Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімі аппаратында «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес» жө­нінде жыл басында іс-шара жос­пары бекітілген. Оған сәйкес біршама жұмыстар істелді. 5 мемлекеттік қызметкер аудандық салық органына өздерінің жыл сайынғы тапқан табысы туралы мәліметін тапсырып отырады. Азаматтардан келіп түскен өтініштерді уақытында қарап, өтініштер бойынша іс-әрекеттер жүргізу нәтижесімен белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолданылуда. Сонымен бірге, ауылдық округі әкімі аппаратында арнайы арыз-шағым жәшігі орнатылған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның негізгі мақсаты – азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықты болдырмау, жолын кесу, кінәліні жауапқа тарту.
Қорыта келе айтарымыз қа­зіргі таңда қоғам дертіне айнал­ған сыбайлас жемқорлықпен кү­ресу мен оның алдын алуға әрбір адам жауапты.
Ғалымжан АҚЖІГІТОВ,
Көмекбаев ауылдық
округінің әкімі
05 тамыз 2019 ж. 1 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031