» » ҚОҒАМДЫҚ КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Себебі, сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына кері әсер ететін, елдің болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екені анық.


Елімізде жүргізіліп жатқан көп векторлы сындарлы сыртқы саясат пен ішкі тұрақтылықтың нәти­же­сінде Қазақстан бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналды.

Осы ретте, Қазақстан Респуб­ликасындағы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі Төребай би ауылдық округі әкімі аппаратының 2018 жылға арналған іс-шара жоспары бекітілген.  Жоспар аясында бүгінгі таңда іс-шарада белгіленген тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, оның алдын алу және аппарат қызметкерлерінің құқықтық сауат­тылығын арттыру мақсатында кес­теге сәйкес құқықтық оқулар өз дәре­жесінде өтуде.
Нақтырақ айтқанда, ағымдағы жылдың басынан бері ауылдық округ әкімі аппаратына келіп түскен өтініштер «Жеке және заңды тұлға­лардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12-қаң­тардағы №221 Заңының талаптарына сәйкес, уақы­тылы қаралып, тиісті мерзімде жа­уаптар берілді.

Сондай-ақ,  мекеме ғимаратында әрбір жеке және заңды тұлғаның өтінішіне арналған арнайы жәшік орнатылған және 26-5-43 сенім телефоны жұмыс істейді. Жыл басынан өрескел тәртіп бұзып, сыбайлас жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жоқ. Жосалы ауылдық округі әкімі аппаратының барлық мемлекеттік қызметшісі салық органына 2017 жыл бойынша табыстары туралы мәліметтерді уақытылы тапсырды.

Қорыта келе, сыбайлас жемқор­лықпен күрес және оның алдын алу мәселелері тек жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес, әрбір мемлекеттік қызметкердің, тіпті тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан-дүниесін ұдайы таза, да адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап,  қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосады.
 
  С.ЕСҚАЛИЕВА,
                                          Төребай би ауылдық округінің әкімі.
19 желтоқсан 2018 ж. 1 036 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031