» » БҰЛ ІНДЕТПЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ

БҰЛ ІНДЕТПЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ

Қоғамда жегі құрттай әсері бар сыбайлас жемқорлық тәуелсіз еліміздің экономикасын нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға кері әсерін тигізіп, тамырын кеңге жайған кесел екені баршаға мәлім. Міне, осындай адамзатқа жат құбылыстың алдын алу және оны түкпілікті жоюда Елбасының сара саясатымен елімізде көптеген іс-шара жүзеге асуда.
Сыбайлас жемқорлық ел әлеуетін нығайтуға үлкен кесірін тигізуде. Сондықтан оның алдын алу және болдырмау мақсатында түрлі жоспар жасалуда. Алайда, сол бағытта жүйелі жұмыстар істеліп келе жатқанымен, жегі құртқа айналған осы бір дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндер саны да күннен-күнге артуда. Халқымызда «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген сөз бар. Міне, осындай жауапсыз да, ақшаға құныққандар ел абыройын айрандай төгіп, еліміздің әлем алдындағы беделін де түсіруде.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте, әсіресе мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі зор. Қоғамда мемлекеттік қызметшілер өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын қызметіне жұмсайды. Сондықтан да әрбір мемлекеттік қызметші өзі атқарып отырған қызметіне сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл болуы керек.
Қорыта айтқанда, әрбір мемлекеттік қызметші өзіне бекітілген қызметін мүлтіксіз орындауы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізі.
Иә, осы тұрғыда жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік қызметшілер арасында ғана емес, жалпы халықтық сипат алмаса, қоғамның әрбір мүшесі оның елді артқа тартатын кесапатты кесел екенін ұғынбаса жемқорлықтың тамыры кеңге жайылары аян. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ұлт болып атсалысуымыз керек. Жемқорлықтың жолы қысқа. Осыны түсінейік ағайын!
Әбимүсілім ҚОҚАНОВ,
Жаңажол ауылдық округінің әкімі.
06 наурыз 2019 ж. 856 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930