» » Науқастар назардан тыс қалмайды

Науқастар назардан тыс қалмайды


Бүгінде денсаулық сақтау саласының жұмысы күрделі деңгейде. Күллі ғаламды әбігерге салған індет бар назарды өзіне аудартуда. Коронавирус дерегі тіркелген әрбір ел онымен күрес үшін білек сыбана кірісуде. Себебі бұл дерт оңай алынатын қамал емес. Жұғу қаупі өте тез болғандықтан, жылдамдата әрі жұмыла жұмыс жасау өте маңызды. Біздің ел де аталған індетпен талмай күресуде. Сақтық шараларын дер кезінде қабылдап, төтенше жағдай жарияланып, карантиндік режим енгізілгендіктен дерттің дендемеуіне кішкене болса да құрық салдық. Алайда әлі де талапқа бағынып, дерттің алдын алғанымыз абзал.
Ел назары індетке ауғанда бұрыннан есепте тұратын науқастардың, олардың жүйелі түрде ем алуы қажеттігін де ұмытпаған жөн, Емхананың барлығы карантинге жабылғанда бұл науқастар көмекті қалай алуда? Төтенше жағдайға орай ем-домға байланысты қиындықтар бар ма? Біз бұл сауалдарды назарға алып, аудандық ауруханамен байланысқа шықтық.
Естіген жауабымыз көңілге қонымды болды. Себебі ақ халаттылар күшейтілген режиммен жұмыс істесе де, тұрақты ем алушыларды назардан тыс қалдырмапты.
– Есепте тұратын науқастар карантин басталған уақытта 3 айлық тегін дәрімен қамтамасыз етілді. Аурудың негізгі ошағы Астана мен Алматы қалалары болғандықтан, ол аймақтарға жоспарланған ем-домдар мен оталар кейінге шегерілді. Ал шұғыл жағдайлар орын алса, ауданда немесе облыста науқастар қажетті ем-домды алып жатыр. Оған ешқандай шектеу қойылмаған. Ал тұрақты түрде жылына бір-екі рет ем алушылар карантин режимі аяқталғанша үйінде емделе алады. Медбикелерді үйіне шақыру арқылы қажетті емді алып жатқандар да бар. Сондай-ақ, жағдайға орай арнайы сала мамандары да науқастың үйіне барып көмек керсетуге әзір, – дейді аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Айдос Жаналиев.
Аурухана іші бүгінде тым-тырыс. Карантин болғандықтан тексеріске аса шұғыл жағдай болмаса күнделікті келуге негіз жоқ. Ұдайы бақылауда болуы тиіс жандар ¬– ол аяғы ауыр әйелдер. Себебі болашақ ұрпақтың денсаулығы қашанда бақылауда болуы тиіс.
– Аяғы ауыр келіншектер мерзімді тексеруден өтіп, узи арқылы баланың жағдайы нақтылануда. Олар босанатын кезде міндетті түрде дерт сынамасынан өтеді. Ал медициналық кітапша, форма 86 секілді тұлға өзі аралап толтыруды қажет ететін құжаттарды дайындау әзірге тоқтатылған. Десе де, карантин мерзімі тоқтаған соң қалыпты жұмыс күніне оралатынымызға сенімдімін, – дейді А.Жаналиев

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
16 мамыр 2020 ж. 962 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031