» » Жұмылсақ қана жеңеміз

Жұмылсақ қана жеңеміз


Әлемді алаңдатқан дерт елімізді де айналып өтпеді. Елге келген індет ауданда да тіркелгені белгілі. Өңірде 1-3 сәуір аралығында 4 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Олармен байланыста болғандардың жанның барлығы карантинге жатқызылып, дәрігерлер бақылауында болды. Айта кетерлігі, осы уақытқа дейін ауданда бұл індетпен ешкім тіркелмеді және байланыста болғандар арасында да жұқтырғандар болған жоқ. Ал ақ халаттылар емделушілердің жағдайы тұрақты екенін айтуда.
Дерттің дендеп, көбеймеуіне дер кезінде сақтық шараларын қабылдап, жеделдетілген нұсқаулардың іске асуы себеп. Бұл – блок посттардағы қатал тәртіптің болуы, адамдардың мейлінше сақтанып, жауапкершілікпен қарап, ішкі тәртіпке бойұсынғанының нәтижесі.
– Тұрғындардың аса қажеттілік болмаса бейсауат көше кезбеуі, үй карантинінде отырғандардың күнделікті медициналық бақылауда болуы дерттің өршімеуіне өзіндік үлесін қосуда. Ол – атқарылып жатқан шектеу шаралардың сақталғанының көрінісі. Ішкі істер бөлімі мен аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының күнделікті рейд жүргізіп, тәртіпке шақырғанының нәтижесінде аудан тұрғындары да қойылған талапты орындауда. Азық-түлік дүкенінің жұмыс уақыты шектеліп, такси қызметінің толықтай тоқтауы да дерттің таралуына жол бермеуде. Дәл осындай жауапкершілікпен тәртіпке бағынып, үйде болып, гигиена талаптарын сақтасақ бұл індетті де жеңеміз, – дейді ауданның бас мемлекеттік санитар дәрігері ГүлнарТөлепбергенова.
Иә, елде пандемия тіркелгелі күн сайын қанша адам вирус жұқтырғаны жөніндегі дерекке әлсін-әлсіз көз жүгіртеміз. Адам саны көбейген сайын көңілге қорқыныш ұялап, қаза болғандар санын көргенде жабырқайтынымыз жасырын емес. Дегенмен, соңғы күндердегі деректер бойынша қарағанда, емделіп шығушылар саны артуда. Бұл қуанарлық жайт. Облыста да 13 адам дерт құрсауынан шықты. Олар 14 күн бойы үй карантинінде дәрігердің бақылауында болады. Бұл да қосымша сақтық шарасы. Аудандық жұқпалы аурулар бөлімінде ем алушы науқастар дертінен толық айығып, аудан тұрғындарын жағымды жаңалықпен сүйіншілейтін күн де алыс емес деп сенейік.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
18 сәуір 2020 ж. 819 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031