» » Міндетті сезіну – азаматтың борышы

Міндетті сезіну – азаматтың борышы

Елде жыл сайын күзде және көктемде 18-27 жас аралығындағы жігіттер әскер қатарына шақырылады. Шақырушы үй-үйді аралап есікті қағып «пәленшесің бе? мә саған пөвестка» деп қолыңа бір жапырақ қағаз бергенде талай жігіттің Отан алдындағы борышын сезіндіргені рас. Бірі шақырту алғанына қуанып әскерге барғысы келетінін білдірсе, енді бірі тап қазір сол жаққа алып кететіндей күй кешетін. Сондағы әлгі қағазда «пәленшиев түгенше, пәлен күні сағат тоғызда, мына мекен-жай бойынша бөлімшеге келуіңді сұраймыз» деп астында мөрі мен шақырушының аты-жөні жазылатын. Бүгінде ауданда әскерге шақыру бөлімінің бастығы қызметін атқарып, зейнеткерлікке шыққан азамат – Мұратбек Збайраев.
Әңгімемізді бастамас бұрын «әскерге қай жылы шақырту алдыңыз?» деп алғашқы сауалды өзіне төтесінен қойған едік. Әскери азаматтан бұл сұрақтың жауабын есту бізге де қызық көрінді.
– 1987 жылы Қиыр Шығыста екі жыл шекара қызметінде болдым. Ол жаққа Қазақстаннан бірінші шақырту алғаннан кейін үлкен тексерістен өттік. Отбасы жағдайымызды тексеріп, сотталған адам бар, жоғын қарады. Ауғанстанға алып барамыз деп жаттығудан да өткізді. Кейін Ауған еліне жіберу тоқтатылып, әскери борышымды жақсы өтеп, туған елге оралдым, – дейді Мұратбек ағамыз.
Әскерден оралған жас жігіт Қызылорда қаласындағы политехникумда оқуын бітіріп, сол кездегі Т.Көмекбаев кеңшарына механик, диспетчер болып жұмысқа орналасады. Ауылдың тәрбие көрген отбасының қызына үйленіп, бала сүйеді. Әскери саланы жанына жақын тұтқан ағамыз кейін 1992 жылы Байқоңыр қаласындағы 31907 әскери бөлімге келісім-шарт бойынша техник су басқарушы қызметіне алынады. Уақыт өте 1996 жылы әскери бөлім қысқарып, жұмыстан шығып қалады. Ол кезде қазақ әскерінің құрылып жатқан кезі болса керек, кейін Қармақшыға шақыртумен Мұратбек Берлібекұлы мұндағы әскери бөлімге екінші бөлімше бастығы қызметіне орналасады. Иә, әскери саланың 5 жыл сайын жұмыс орнын ауыстырып отыратын жағы тағы бар. Осы үрдіспен Жалағаш ауданына ауысып бөлімше көмекшісі болады. Кейін 2008 жылы туған елге оралып, бұл жақта әскерге шақыру бөлімінің бастығы болып, сол дәрежемен әскери тәртіп бойынша 2013 жылы 45 жасында зейнеткерлікке шығады. Иықтағы шеннің ауыр жүгін арқалаған ағамыздың жүзіндегі әр әжім сызығынан әскери тәртіптің қаншалықты қиын екенін ұғасың. Бүгінде ол ауданда қорғаныс істер жөніндегі бөлім бойынша отставкаға шығып отырған бірінші азамат.
Кейіпкеріміз бұл саладан зейнетке шықса да өзі сүйген мамандықтан алыстаған жоқ. Жоғарғы жақтың шақыртуымен қайтадан әскери бөлімге қызметкер болып жұмысқа алынып, 2018 жылы міндетін орындап шығады. Бүгінде оны әріптестері 7-9 мамырда түрлі құттықтаудан қалдырып жатқан жоқ. Одан бөлек түрлі байқауларда яғни «Жігіт сұлтанында» төрелік етеді. Мектепте кездесу шараларда әскерге шақыру бойынша болашақ Отан қорғаушыларға насихат жүргізеді.
Әңгіме барысында төрде ілінген әскери форманың омырауына қаз-қатар тігілген түрлі медальдың сыры оның қандай еңбекпен келгенін білмеске қойдыртпады. Бірі қорғаныс істердің құрылғанына 80, 90, 100 жылдығына берілсе, ІІ, ІІІ дәрежелі шеберлігі үшін де төсбелгі таққан. Одан бөлек Ауған соғысы ардагерлерін медальмен марапаттау кезінде де қалыс қалдырмаған.
«Ауру қалса да әдет қалмайды» демекші Мұратбек ағамыз үйінде де әскери тәртіпті көрсетіп қоятынын жасырмады. «Азанда ұлдарымды ерте оятып жұмыс тапсырамын» деді күліп. Артынан ерген қамшыгерлері әскери саланы таңдамаса да спорттан алыс емес. Олар өз жолын тауып, түрлі салада қызмет істеуде.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
05 мамыр 2020 ж. 1 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 998

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031