» » Қараөзекке аққу келді саңқылдап

Қараөзекке аққу келді саңқылдап

Табиғат – Ана шебер-ақ. Кейбір аң-құс жыртқыш болып жаратылса, кейбірі моп-момақан. Қой аузынан шөп алмас. Айналасына зәбірі жоқ. Бізді қызықтыратыны – солардың кейбірінің ерекше қасиетінің болатыны. Оған әрине алдымен аққуды жатсызатын болсақ, ешкім қарсы келе қоймас. Себебі, аққуды қазақ атамыз әлімсақтан киелі санап, оған оқ кеземеген.
Бірер күн бұрын редакциямызға Жосалы кентінің тұрғыны, әркез игі істерге ұйытқы болып жүретін Жалғасбаев Бостан ағамыз келіп, жақында Қараөзекке елу шақты аққу келіп қонғанын айтты. Негізінен елді мекеннің маңайында бірлі-жарымды киелі құстың болатынын орман шаруашылығы мекемесінің инженері Бақыткүл Молдабаевадан еститін едік. Тіпті 2007 жылы ауылға жақын жерде мекеме қызметкерлері екі аққуды ұстап әкеліп, "ауырып қалды ма?" деген күдікпен ветеринариялық тексеру жүргізген. Біраз уақыт қолға ұстаған соң қайтадан оларды ұшырып жіберген.
Маманның айтуынша, аққу тыныштықты қалайтын құс. Оның үстіне қазір көктем. Жылы жаққа үдере көшетін мезгіл.
Қазақ танымында аққу тазалықтың, шынайы махабаттың белгісіне саналады. Дүниеде оның әдемілігіне тең келетін қос қанатты жоқ десек өтірік емес. Аңызға сенсек, серігі қайтыс болған аққу өзін құзар биіктен ылдиға тастап, жантәсілім етеді-міс. Осындайда тұмса табиғаттың тамаша ғажайыбын еріксіз мойындайсың.
Аққу жайлы мынадай да қызықты мәліметтер бар. Ол сегіз мың метр биіктікке дейін ұша алады. Оның бұл рекордтық көрсеткішін әлемде бірде-бір қанатты қайталай алмайды. Өзіне қауіп төнгенде адамға да шабуыл жасаудан тайынбайды. Суыққа төзімділігі жоғары. Он бес келіге дейін салмақ тартады әрі отыз жылға дейін өмір сүре алады. Елімізде аққудың саны жылдан-жылға азайып барады. Сол себептен ол "Қызыл кітапқа" енгізілген.
Аққу туралы таным әр елде әртүрлі. Мысалы, Ұлыбританияда аққу ханшайымға ғана тиесілі есептелсе, Финляндияда ол ұлттық символикалық құс санатында. Қазақ халқы да аққуды киеліге балап, оны аулауға тыйым салады. Қай халықта болмасын, аққуды өлтірген адам бақытсыздыққа ұшырайды деген тәмсіл ертеден қалыптасқан.
– Аққуларды алғашында көргенімде таң қалдым. Себебі мұндай көп шоғырлы аққу біздің жаққа келе бермейді. Әлемдегі ең әдемі құсты Қараөзектің бойынан кездестіруім – табиғаттың тосын сыйындай көрінді маған, – дейді Бостан ағамыз.
Аққу әдетте тыныш та жайлы жерді таңдайтынға ұқсайда. Бәлки бұл жақсылықтың нышаны болар. Тек ашкөздікке салынып, құс біткеннің хас сұлуын көлімізден ұшырып алмасақ болғаны.
Аққу – киелі құс...
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
05 мамыр 2020 ж. 2 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 084

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031