» » Қолдау көргеннің қатарында мен де бармын

Қолдау көргеннің қатарында мен де бармын

Елде кәсіпкерлік саласы қанатын кеңге жайып келеді. Ол үшін түрлі бағдарлама мен жобалар жүзеге асуда. Мемлекеттен қолдау алып, кәсібін дөңгелеткендер қатарында мен де бармын. Арнайы жобалар арқылы екі рет несие алып, жиһаз цехын жүргізудемін. Мемлекеттен қолдау болмаса цехымды үлкейте алмас едім. Себебі менің жобам үлкен қаржыны талап етеді. Соның арқасында кәсібім берекесін беруде.
Алайда қазіргі төтенше жағдайға орай кәсібіміз тоқтап тұр. Айта кетерлігі, көптеген шағын және орта бизнес өкілдеріне салықтық төлем жасауда жеңілдіктер жасалуда. Бұл біздер үшін қазіргідей қысылтаяң уақытта үлкен көмек. Ал несиені кейін төлеуге мүмкіндік берілгені кәсіпкерлерге жасалған ерекше қолдау деп білемін. Несиені кейін төлеуге мен де өтініш қалдырдым. Нәтижесінде өтінішім қанағаттандырылып, көңілім орнына түсті. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде «Бүгінде шағын және орта бизнес күрделі жағдайға тап болды. Осы салаға қазір көмектеспесек, экономиканы қалпына келтіре алмаймыз» деп кәсіпкерлік саласына баса назар аударды. Сол мақсатта шағын және орта бизнеске тиімді несие беру үшін қаражат бөлінгенін де тілге тиек етті. Бұл бастамалар төтенше жағдайдан кейін ел экономикасының тұралап қалмауына себепші болары анық.
Әмит ЕЛУБАЕВ,
жеке кәсіпкер
27 сәуір 2020 ж. 1 052 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 108
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031