Құрылтай
» » Мемлекет басшысы қанша адам коммуналдық өтемақы алатынын жария етті

Мемлекет басшысы қанша адам коммуналдық өтемақы алатынын жария етті

1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдемесінде атап өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
«Сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетіледі. Азық-түліктің жеткілікті болуына және оның сапасына қатысты ұдайы мониторинг жүргізілуде. Елімізде азық-түлік тапшылығы жоқ»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің атап өтуінше, жергілікті билік органдары әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын бақылауда ұстап отыр.
«Біз індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерді қаржылай қолдап жатырмыз. Денсаулық сақтау министрлігі және әкімдер басқа да медицина қызметкерлеріне көмек көрсету үшін шаралар қабылдауда. 1,6 миллионнан астам адам, 11,5 мың шағын және орта бизнес өкілі несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік алды. Бұл жалпы алғанда 360 миллиардтан астам теңгені қамтиды», – деді Мемлекет басшысы.
27 сәуір 2020 ж. 841 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 590
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31