» » Адыраспан алдыңыз ба?

Адыраспан алдыңыз ба?

ЖОСАЛЫ, 21 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Қазіргі таралып жатқан дерттің алдын алуда түрлі сақтық шарасы жүргізілуде . Бұл індет ауа арқылы жұғатын болғандықтан маска кию, антисептик пайдалану , гигиена талаптарын қатаң сақтау – басты назарда. Осы ретте дәріханада маска, антисептик тапшы болса, базарда адыраспан сұранысқа ие. Неге адыраспан дерсіз?

Қазақ халқы адыраспанды «киелі өсімдік» деп біледі. Адыраспанның киелі болуы – шипасында. Ол улы өсімдік болғанымен, сабағы, жапырағы, тіпті түтінінде де шипа бар. Адыраспанды қайнатып, суымен аяқ-қолы сырқыраған адамдар денесін буласа, ем қонады екен. Сондай-ақ, ертеректе суық тигенде, денеге бөрткен шыққанда, ұмытшақтыққа ұшырағанда, тіс ауырғанда осы адыраспанның суы мен буы арқылы емдеген. Бүгінде адыраспан фармакологияда дәрі жасауда кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар, адыраспан адаммен қатар малға да пайдалы. Атам «Адыраспанды мал жемейді, бірақ дерті бар дала жануары оған аунап жазылады. Бұрындары малдың қотырын осы адыраспанның қайнатпасымен емдейтінбіз» деп айтып отыратын. Бүгінде көпшілік оны аластау мақсатында қолданады. Сәбидің бесігін, сырқат адамды, тіл-көз тигенді, жаңа немесе ескі үйді адыраспанмен аластап жататынын білеміз. Ал адыраспанмен аластау қайдан шықты?
Бұл рәсімді зерттеуші ғалымдар көне түркі халықтарынан бастау алған деседі. Себебі олар екі оттың арасынан өту, аластау арқылы тазаланған. Мұндай аластау көне түрік халықтарының сенімінен туса да, Ислам дінін қабылдағалы бері де жалғасып келеді. Адыраспанның түтіні – улы. Сондықтан да ол – микробтар мен вирустарға қарсы табиғаттың өзі жаратқан таптырмас дезинфекция құралы. Ал адыраспанмен аластау асыл дінімізге қайшы келмей ме? Бұл тұрғыда «Алла Тағала бірдебір ауруды шипасыз бермеген, өлімнен басқасының емін тек зерттеуші біледі, оны надан білмейді» деген Пайғамбар сөзі бар. Ал «зерттеуші» дегеніміз аталған шөпті тәжірибеден өткізіп, көнеден бері қолданып келген ата-бабаларымыз. Алайда шариғатта адыраспанды ерекше тылсым күш иесі ретінде есептеуге қатаң тыйым салынған. Осыған байланысты Алла елшісінің «Әр сырқаттың емі бар және де егер дәрі сырқаттың шипасын берсе, ол Алланың қалауымен болғаны» деген хадистері бар. Сондықтан да өзін мұсылман санайтын кісі шипа тек бір Алладан болатынын әрдайым қаперде ұстауы қажет. Шариғат шеңберінде адыраспанмен аластау дінімізге қайшы келмейтінін ұқтық.
Ата-салтымызда болғандықтан әлі күнге дейін адыраспан босағамызда байлаулы. Соңғы уақытта «базарда адыраспан жоқ екен» деген әңгімені құлағымыз жиі шалып жүрді. Төтенше жағдай белгіленгеннен кейін анығын білмекке әріптестермен базарға барып, жағдайды көзбен көрдік. Расымен сатылымда мүлде адыраспан қалмапты.
– Елдегі жағдайға байланысты болар, соңғы күндері адыраспан сұраушылар көбейді. Бумасын 200 теңгеден сатқанбыз. 5-6 бумасын бірден алып кетушілер де болды. Қазір мүлде қалмады. Келген жағдайда бағаны тұрақты ұстауға тырысамыз, – дейді сатушы.
Табиғат қорғаныш ретінде өзі сыйлаған киелі адыраспанның қадірі енді артқандай. Қандай жолмен болсын сақтану – біздің парызымыз.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
21 наурыз 2020 ж. 1 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031